Кеше елордада Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ұйымдастыруымен “Атом өнеркәсібінің дамуы” тақырыбында брифинг болып өтті. Оған Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов қатысты.
Жыл басынан бері 12 мың 780 тонна уран өндірілсе, бұйыртса, жыл соңына дейін 5 мың тонна уран өндірілмек. Өткен жылы елімізде 14 мың 214 тонна өнім өндірілген. Осы көрсеткіш бізге әлемде уран өндіру ісінде алғашқы орынға шығуға мүмкіндік беріп отыр. Аталған көрсеткіштер биыл да кемімей, қайта арта түсті. Қазіргі таңда шамамен республикада он уран өндіруші бірлескен компаниялар бар, деді вице-министр Д.Тұрғанов. Сондай-ақ ол бүгінде уран өндіру ісінен елімізден кейінгі орындарды Канада, Австралия секілді мемлекеттер жалғастырып отырғанын да назардан тыс қалдырмады. Еліміз әзірге уран қоры жағынан әлемде екінші орында тұр. Соған қарамастан, өндіру жағынан бірінші орында,- деді ол брифингте.
Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.