• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
20 Қазан, 2010

Жағымды жаңалық

668 рет
көрсетілді

Бағдарлама балғындардың бағын ашуда Елбасының биылғы Жол­дауын­да алдағы кезде ауылдық жерлердегі мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді тәрбие мен оқыту мәселесі толық шешілетіні атап көрсетілген. Өңірде осы орайда “Балапан” аймақтық бағдарламасы әзірленіп, 2014 жылға дейін 189 балабақша, 174 шағын орталық ашу көзделсе, ол үшін барлық мүм­кіндік жұмылдырылуда. Қолға алынған жүйелі жұмыс нәтижесінде өңірде биыл жаңадан 8 мектеп пайдалануға берілді. Олар­дың қатарында Кербұлақ ауда­нындағы Ақтөбе, Аралтөбе, Еңбекшіқазақтағы Рахат, Қа­расайдағы Көлащы орта мек­тептері және Көксу ауданындағы Еңбекшіқазақ, Жамбыл ауданын­да­ғы Қарғалы мектеп-гимназиясы, Талдықорған қаласында Прези­денттің “Зияткерлік мектебі” бәсе­кеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге кірісіп, ұстаздар  ұжымы кең, әрі жан-жақты жабдықталған оқу кабинеттеріндегі білім сапасына көңіл бөлуде.  Сонымен қатар, мектеп жанындағы шағын орта­лықтарда мыңдаған бүлдіршін тәрбиеленіп, олардың ата-аналары алаңсыз жұмыс істеуіне мүмкіндік туды. Бір сөзбен айтқанда, “Ба­лапан” бағдарламасы  балғын­дардың бағын ашты деуге болады. Күмісжан Байжан, ьАлматы облысы. Кадрлар біліктілігі – басты назарда Қай-қай саладағы істің табыс­ты­лығы кадрлардың біліктілігіне тәуелді. Бұл жайында облыстық әкімдікте өткен “Қызметкерлерді басқарудың осы заманғы әдістері мен халықаралық тәжірибелері” атты семинарда жан-жақты әңгіме болды. Екі күнге созылған семинар­да ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академия­сының оқытушысы Маржан Жү­гіралина дәріс оқыды. Семинардың басты мақсаты – мемлекеттік қыз­меткерлердің кәсіби деңгейін арттыру. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының бастығы Нұрлан Сүйінбаев мұндай шараның кадрлар біліктілігін арттыруға көмегі зор екенін, қазіргі заманғы басқару әдістерін игеру кез келген саланы тиімділікке жеткізетінін айтты. М.Жүгіралина нарықтық қатынастарды дамыту және кадрлар біліктілігін арттыру туралы тоқтамды ойларын ортаға салды. Ол үшін адам ресурстарын басқару және жоспарлау әдістерін меңгеру, қызметкерлерді іріктеудің ілкімді әдістерін игеру қажеттігін алға тартты. Семинарда сондай-ақ, мемлекеттік  қызметкерлердің біліктілігін анықтауға арналған тестердің тиімділігі, қаржылық қиындық кезінде қалай жұмыс істеу керектігі және басқа мәселелер сөз болды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.