• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
21 Қазан, 2010

Опера театрының басты оқиғасы

585 рет
көрсетілді

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында “Қызыл Жизель” балетінің тұсауы кесілді Отандық опера және балет өнері­нің ордасы бұл күнге, дәл осы қойы­лымға ұзақ дайындықпен кел­генін атап өту керек. П.Чайковский, А.Шнитке мен Ж.Бизенің музыка­ларына жазылған Борис Эйфман­ның “Қызыл Жизель” сияқты бале­тін қою­ға кез келген театр труппасы тәуе­кел ете бермеген. Балет солис­терінің асқан шеберлігін қажет ететі­нін қойы­лымды қазақ сахна­сына шығаруға қазіргі заманның көрнекті балет­мейстері, Ресей халық әртісі, Мемлекеттік сый­лық­тың лауреаты Борис Эйфман­ның өзі келісімін беріпті. Сөйтіп ол бұл туындысын өз деңгейінде сахналау үшін сонау Санкт-Петербургтен Қа­зақ­станға ат сабылтып келіп жүр­геніне көп болды. Сондықтан да опе­ра театрындағы сөз етіп отырған қойылымды мау­сымның басты жаңалығы деп бағалаған дұрыс. Ең бастысы Абай атын­дағы опера және балет театрында “Қызыл Жизель­дің” басты партияларын тамаша орын­дай алатын балет бишілері табы­ла білді. Сөйтіп, бас­ты партияларды балет труппасы­ның белгілі солистері – Қазақстан­ның еңбек сіңірген қайраткерлері Құралай Сарқытбаева, Сәуле Рахме­дов­а, Дмитрий Сушков, халықаралық байқаулардың лауреат­тары Фархад Буриев пен Әмір Жексембек орын­дады. Алматыда екі күн қатарынан жү­ре­тін премьера ХХ ғасырдың әйгілі балеринасы Ольга Спесив­цева­ның қиын да күрделі тағдырына ар­нал­ған. “Мен оның өмірінің қал­тарыстарына үңіле келе мынаған көз жеткіздім, – дейді Борис Эйфман. ­– Керемет атақ-даңққа бөленген, табынушылары мен сыншыларының шексіз құрметіне ие болған ғажайып актриса 20 жылын Нью-Йорк ма­ңын­дағы жүйке ауру­ларына арнал­ған емханада жападан жалғыз өткіз­ген. Бұл қойылым Ольга Спесивцева өмірінің шығармашылық өмірін баяндау емес, мен оның жалқы тағ­дыры арқылы бір кездері Ресейден кетуге мәжбүр болған, өмірлері қай­ғылы аяқталған көптеген талант­тар­дың тұрлаулы тіршілігін көрсеткім келді”. Айнаш ЕСАЛИ, Алматы.