Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті “Транстелеком” ақционерлік қоғамының телефондық кәрізді пайдалануға ұсыну қызметтеріне тарифтер және тарифтік сметаны бекіту өтінімі бойынша жария тыңдаулар 2010 жылы 17 қарашада сағат 16.00-де, Астана қаласы, Есілдің сол жақ жағалауы, “Министрліктер үйі” ғимараты, 745-бөлме мекен-жайы бойынша өтетіні туралы хабарлайды.
Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген байланыс қызметтеріне тарифтердің жобасын талқылауға депутаттарды, мемлекеттік органдардың өкілдерін, тұтынушыларды және олардың қоғамдық бірлестіктерін, бұқаралық ақпарат құралдарын, тәуелсіз сарапшылар мен табиғи монополия субъектілерін шақырамыз.