• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
22 Қазан, 2010

Биыл Қазақстан Кәсіподақ­тары федерациясына 20 жыл тол­ды

563 рет
көрсетілді

Журналистерге арналған семинар Биыл Қазақстан Кәсіподақ­тары федерациясына 20 жыл тол­ды. Ал егер еліміздегі алғашқы кә­сіп­одақтар қашан пайда болды десек, оның тарихы 105 жылға кетіп­ті. 105 жыл бұрын Успен руд­нигінде құрылған құрамында 300-дей адамы болған кәсіподақ қа­тары бүгінде 2,5 млн. адамның басын біріктіріп отыр. Осынау датаны атап өткен ҚКФ еліміздегі еңбек қатынас­тарын тү­сін­діру және кәсіподақ қоз­ғалы­сының дамуын баяндау үшін жур­налистерге арнап екі күндік семи­нар-тренинг ұйымдас­тырды. Және де осы семинар бары­сында кәсіп­одақтар “Адам–елдің басты байлығы” тақыры­бымен кәсіподақ қозғалысының дамуын баяндау мақсатында журналистер арасында шығарма­шылық сайыс жариялап отырға­нын мәлімдеді. Семинарда журналистер ал­дын­да сөз сөйлеген Кәсіподақтар феде­рациясының төрағасы Сияз­бек Мұ­қашев 20 жылдық тарихты көктей шолып өтіп, кәсіподақтар атқарған істерді баяндады. Аза­маттық қоғам­ның ең бір ауқымды тобы – кәсіп­одақтар алдында тұр­ған міндеттер­ден де хабардар етті. ҚКФ-ның биылғы жылы өткен XXІІ съезінде алдағы 5 жылға арналған іс-әрекет страте­гиясының басты басымдық­тарына тоқталып өтті. Олар–ла­йық­ты еңбекақының болуы, халық­тың жұмыспен қамтылуы, қазақ­стан­дықтардың әлеуметтік құқық­тары­ның сақталуы сынды кім-кімді де толғандыратын мәселелер. Біздердің, яғни қоғам мүше­лерінің мақсаты бір. Барлығымыз да еліміздің көркейіп, өзіміздің, отбасымыздың өмірінің жақсы болуын қалаймыз. Қазақ айт­қандай, “Илегеніміз бір терінің пұш­пағы”. Журналистер қауымы, сіздер де осыны ойлайсыздар. Сондықтан өздеріңізбен қанаттаса жұмыс атқару мақсатында осы­лай­ша бас қосып отырмыз, деді. Семинарда Мәдениет ми­нистр­лігінің Қоғамдық-саяси жұмыс департаментінің директоры Бану Нұрғазиева және респуб­лика­лық салалық кәсіподақтардың лидер­лері мен бірқатар облыс­тардың кәсіп­одақ федерациялары төраға­лары қатынасып, әрқай­сысы өз салаларының жұмысын баяндады. Семинарды ұйымдастырушы­лардың бірі – Қазақстанның Жас­тар медиа бірлестігінің дирек­торы Светлана Галиева арнайы тренинг өткізді. Және семинар барысында аймақ­тардағы кәсіп­одақ басшы­лық­тарымен онлайн режімінде кон­ференция болып, семинардың қызықты өтуіне үлес қосты. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.