• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Қазан, 2010

Жас мамандарға жағдай жасады

495 рет
көрсетілді

Жоғары және арнаулы оқу орын­дарын аяқтаған жас маман­дар­дың үлкен бір легі облыс ор­талығынан қашықтау орналасқан Сырым ауданында еңбек жолдарын бастады. Ең бастысы, мұнда оларға жағдай жасап тұрақтандыру ісі оң жолға қойылған. Оның басы-қа­сында аудан әкімі Ерлан Нысан­ғалиевтың өзі жүр. Биыл “Дипломмен – ауылға!” жобасы бойынша Сырым еліне кел­ген жас мамандар білім беру, ден­саулық сақтау, мәдениет және спорт салалары бойынша қызметке орналасты. Олардың әрқайсысына алғашқы материалдық көмек ретін­де жүз мың теңге көлемінде көтер­меақы берілді. Жас кадрларды ауылда тұрақ­тандырудың басты бір жолы  жәйлі да ыңғайлы баспанамен қамту екені белгілі. Аталған ауданда бұл мәселе де ойдағыдай шешімін тауып ке­ле­ді. Олардың тұрғын үйге қол жет­кізуі үшін берілетін несиелік қа­ра­жат­ты аудандық бюджеттен бөлу қа­растырылған. Ол пайызсыз өсім­мен он бес жылға беріледі. Мұнда жас мамандарды ауыл­дық жерге қызметке тарту бағы­тын­да қолға алынған осындай өмір­шең істер тағы да жиырма бес кадрдың Сырым еліне келуіне жол ашты. Солардың бірі Серік Тоқмамбетов газет тілшісіне өз ойын былайша жеткізді. – Шалғай ауданға келіп жер­гілікті атқарушы органдар басшы­лары тарапынан қамқорлыққа бөленіп отырғаныма қуанышты­мын. Жалпы, Сырым елінде қолға алынған жоба жас мамандар үшін өте қолайлы, тиімді ойлас­тырыл­ған. Осы үлгі мен іс-тәжірибе өзге аудандарда да қолға алынса, еш артықтық етпес еді. Темір ҚҰСАЙЫН, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы.