• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
22 Қазан, 2010

Елбасы қабылдады

346 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконы қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республи­касы Президентінің баспасөз қызметі. В.Божко Президентті министрліктің ағым­дағы жұмысы және алдағы кезеңге арналған мін­дет­тері туралы хабардар етті. Атап айтқанда, ми­нистр Көксарай қарсы реттеуішінің құрылы­сын­дағы істің жағдайы туралы, сондай-ақ ведом­ствоның мамандар әлеуетін, инфрақұрылымы, дамыту, бюджеттік қаржыландыру мәселелерін шешу жөніндегі шаралар туралы баяндады. *  *  * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметовті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республи­ка­сы Президентінің баспасөз қызметі. С.Ахметов Президентті облыстың ағым­дағы жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономи­калық дамуының қорытындылары туралы хабардар етті. Өнеркәсіп өндірісінің өсімі 105,6 пайызды құрағаны, өңір экономи­касының базалық салаларын дамыту жө­нін­дегі барлық мәселе табысты шешімін тауып жатқаны атап өтілді. Облыс әкімі үдемелі индустрия­лан­дыру мемлекеттік бағдарламасы аясын­дағы жобаларды іске асыру барысы туралы есеп берді. Қазіргі уақытта бірінші жартыжылдықта пайдалануға берілген барлық нысандар ойдағыдай жұмыс істеуде. Ағымдағы жылдың аяғына дейін іске асырылатын жобалар ерекше бақылауға алынған. Кездесу барысында сондай-ақ Қарағанды облысындағы елді мекендердің тіршілік-тынысын қамтамасыз ету жүйесінің жылыту маусымына дайындығы туралы сөз болды.