• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
26 Қазан, 2010

“Әдеби әлем” порталы ашылды

684 рет
көрсетілді

“Жайық Пресс” ЖШС-нің бас директоры Шыңғыс Мұқанның ай­туынша, заманауи техниканың мүм­кіндіктерін пайдаланып, алыс-жақын шетелдегі бауырларымызға дейін енді еліміздегі аты танымал қалам­гер­лердің шығармаларымен таныса алады. Алғашқы бетінде әл­іп­би тіз­бегімен берілген кез келген әріпті басып, сол әріптен баста­ла­тын ақын, жазушының ата-тегін табуға болады. Одан әрі оның қыс­қа­ша өмірбаян­­дық дерегі мен шы­ғар­малар атау­ы­­ның тізбегі берілген. Ұлы Абайдан бастау алып, Ма­хам­беттей батырдың жалын жырын оқыр­манға жеткізген бұл бағ­дар­ламада қарымды қалам­герлердің біршама өлең-дастаны мен повесть, т.б. еңбектері енгізілген. Бұлармен қатар Ақ Жайықтан шық­қан ақын-жазушылардың ту­ын­дыларын оқырмандар осы пор­тал­дан оқи алады. Балаларға ар­нал­ған бөлімде олар Алдар көсе мен Ер Төстік, басқа да ертегі-аңыз кей­іпкерлерімен жүздесе алады. Облыс басшысы Бақтықожа Із­мұ­хамбетов қолдау көрсеткен    “Әде­би әлем” жобасы жаңа бастама бол­ғанына қарамастан, облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдас­тыр­ған байқауда тың идеяларымен озып шығып, жеңімпаз деп та­ныл­ды. Енді халайық ғаламтордағы “www.adebіet.kz” сайты арқылы ана тілінде әдебиет әлеміндегі тың дү­ние­лермен таныса алады. Темір ҚҰСАЙЫН.