• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
05 Қараша, 2010

Елорда төрінде шалқыған шабыт

515 рет
көрсетілді

ХІІІ халықаралық “Шабыт – 2010” шығармашыл жастар байқауы басталды “Өнерге келген адам ол – қан майданға кірген адам. Оның қолын­да талант деген жалаң қы­лышы ғана болуы керек. Қорғана алса, сауытын ғана кисін. Бітті”, – деген жазушы Әкім Таразидің осы бір ауыз сөзі адамға үстіртін емес, әжептәуір сал­мақты ой салады. Өнер, шығарма­шылық, талант деген сөздер бір-бірімен іш­тей де, сырттай да қалай аста­сып жатса, өмірдегі алатын орны мен рухани көкжиек­ке тигі­зетін пайдасы да солай үндесіп жата­ды. Көбінде талант деген сөзден өнер иесінің рухы көрініп тұрады. Әр жылдың қара күз мезгілінде болатын, шығармашыл жастардың бастарын қосып, олардың ара­лары­нан ең үздіктерін анықтап абы­ройын асқақтата түскен “Шабыт” халықаралық байқауы­ның биылғы шымылдығы сәр­сенбінің сәтінде 13-ші рет ашылды. “Шабыт – 2010” халықаралық байқауы биыл қараша айының 3-і мен 8-і аралығында өтетін болды. Осы жолғы өнер бәй­гесінде қаты­су­шылар “Эстрада өнері”, “Бейне­леу өнері”, “Жур­­налистика”, “Поэ­зия”, “Ха­лық музыкасы”, “Класси­ка­лық вокал”, “Камера­лық ан­самбль­дер”, “Shabyt-Іnspіratіon” сынды аталым­дар бойынша бақ­тарын сынайтын болады. Бай­қау­дың алғашқы күні­нен бастап-ақ қазылар ал­қасы мен ұйымдастыру­шылары  өз жұмыс­тарына белсене кірісіп кетті. Атал­мыш ха­лықаралық байқауға қазы­лық ететін төрағалар қаты­суларымен өткен бас­пасөз кон­ференция­сында өнер бәйгесі туралы жан-жақты айтылды. Ол Бей­бітшілік және келісім са­райы­ның “Бесік” залында болды. Бас­па­сөз мәсли­хатында 8 ата­лым бойын­ша қазылар алқа­ларының төр­аға­лары­ таныс­тырылды. Олардың қа­тарында Парла­мент Мә­жі­лісінің депутаты, белгілі қаламгер Уәлихан Қали­жан, Қазақстанның халық жазу­шы­сы, Мемле­кет­тік сыйлық­тың лауреаты Фари­за Оң­ғар­сынова, К.Бай­сейітова атындағы опера және балет театры­ның бас балет­мейс­тері Тұр­сынбек Нұр­қалиев, Қазақ ұлт­тық өнер уни­вер­ситеті­нің рек­торы Айман Мұса­қожаева, Құрманғазы атын­дағы Қазақ ұлттық консер­ваториясының доценті Өтепберген Хамзин, Қырғыз Республика­сы­ның халық әртісі Мұратбек Бега­лиев сынды өнер тарландары бар. Биылғы байқауға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Саха­дан үміткерлердің келгенін тілге тиек еткен Астана қаласы мәде­ниет басқармасының бастығы Еркебұлан Ағымбаев додаға түсе­тін жастардың саны 600-ден асып отырғандығына тоқталды. Баспа­сөз конференциясы бары­сында “Шабыт” халықаралық байқауына қатысты көптеген толғақты әңгімелер сөз болды. Алты күн бойы өтетін ХІІІ ха­л­ықаралық “Шабыт – 2010” шығар­машыл жастар фестивалінің ашылу салтанаты Бейбітшілік және келісім сарайында болды. Оған аталған жобаның іске асуына үлкен үлес қосып жүрген өнер қай­рат­кер­лері қатысты. “Алғашқы фес­ти­валь­дің тұсаукесерін Елбасы Конгресс Холл сарайында өзі кескен болатын. Бұл байқауда 12 жыл ішінде 12 мың­­нан астам жас өз бақтарын сы­нады. Нағыз та­ланттар өнер әлеміне қа­нат­­­­­танып шықты. Алдыңғы тол­қыны­ әлемге танылып үлгерді”, – деді компо­зитор, Сенат депутаты Т.Мұ­х­амед­жанов. “Ша­быт” бай­қауы­ның бас­ ұйым­дас­тыру­­шысы, Астана қа­ла­сы әкімді­гі­нің атынан қала әкімі­нің орын­ба­сары Аида Балаева әкім Иман­ғали Тасмағам­бетовтің фес­ти­вальге ар­нал­ған құт­тықтау сөзін оқыды. Кеш барысын­да өнер дода­сының әділ сөз айтатын қазылары та­ныстырылды. Олар­дың ара­ларын­да Италия, Гру­зия, Фран­ция, Лат­вия секілді мем­лекеттердің өнер иелері бар. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.