Ұзақ мерзімді жоспарлауды бағалау, қазіргі талапқа сәйкес бизнесті қайта құру — дағдарыс салдарынан туындаған жаңа, жағымды тренд. Осы орайда отандық рыноктағы мықты әрі қайта түлеген ойыншы қазақстандық Жинақ банкі қызметіндегі табыстың кепілі ең алдымен банкті жасақтап-жаңартуға белсенді қатысуында деп есептейді.
Соңғы бір жарым жыл ішінде экономиканың нақты секторын қаржыландыру барысында тәуекелділіктің жоғары болуы себебінен банктер ешкімге несие бере алмайды деген пікір қалыптасып қалды. Алайда “Жинақ банкі” АҚ ЕБ корпоративтік клиенттер департаментінің директоры Нұрсұлтан Тасқаранов банктерде қалыптасып отырған жағдайдың объективті себептеріне тоқтала келіп, 2007 жылдан бастап несиелеу көлемі жалпы жүйе бойынша төмендегеніне қарамастан “Жинақ банкі” АҚ ЕБ жұмысында несиелеу үдерісі тоқтаған емес, оның үстіне жылдың басынан бастап шағын және орта бизнесті несиелеу жоғары қарқынмен өсуде екендігін атап өтті. Ал несие алуға өтініштер саны өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда бірнеше есе асып түскен. Бұл жағдайға дағдарыс әсер етпей қойған жоқ. Дағдарыс басталғаннан кейінгі 2-3 жыл бизнесті қайта құруға жеткілікті уақыт, ендігі жерде банктер де тепе-теңдік есеппен қаржыландыруға көшуге тырысуы қажет.
Бүгінгі таңда ұзақ мерзімді жоспарлар қайта қаралып, соның нәтижесінде кәсіпкерлер шығындарын есептей бастады. Сондай-ақ үдерістерді оңтайландырып, өнімділікті жоғарылатуға күш салды. Сайып келгенде, бұл шаралардың барлығы тиімділікке маңыз бен айқын басымдықты бере бастауды аңғартты. Оған қоса бұл банктер арасындағы бәсекелестіктің біршама өсуіне әкеледі, өйткені, тәуекелділікке байланысты өңделген жаңа банк саясаты дағдарыс аяқталған күнде де сапалы заем алушылар қатары сирейтінін көрсетіп отыр.
Қазақстандық Жинақ банкі клиент қатарын көбейту үшін күрестегі жеңіс кілті олармен ұзақ мерзімді, сапалы әріптестік қарым-қатынас құру деп санайды. “Түсімділікті дамыту саясатын жүргізе отырып, банк өз клиенттеріне көрсететін қызметтерінің сапасын жақсартуға ұдайы көңіл бөліп отыруға тырысады. Бұл стратегиялық маңызы бар мақсатты шешу барысында банк арнайы “бейтарап” бағдарлама жасап шығарды. Бағдарламаны клиенттің қайда орналасқандығына қарамастан, өте қысқа уақыт ішінде оның барлық тілегін орындай алатын, кәсіби шеберлігі жоғары менеджерлер командасы жүзеге асырады. Клиент қажеттілігінің ұсақ-түйегіне дейін назар аудару, қызмет көрсетудің сапасы мен жылдамдығы, бұлардың барлығы бізге алға сеніммен ұмтылуымызға, жылжуымызға көмектеседі”, деп түйіндейді ойын Нұрсұлтан Тасқаранов. Өнімділікті толтыру, бәсекелестік артықшылықтарын тиімді пайдалану және салалық, сондай-ақ жекелеген ерекшеліктерді есепке ала отырып, әрбір мақсатты клиент топтарына жеке дайындалған қызмет көрсету жобаларын таңдап алу банк алдындағы таяу болашақтағы үш жылдың басым бағыттары болып табылады.
Қазақстандық банктер арасында “Жинақ банкі” АҚ ЕБ-нің интернет арқылы көрсететін қызмет тізбегі басқа банктермен салыстырғанда анағұрлым толық. Мұндай технологиялық өнімдер корпоративтік клиенттердің басты мақсаты болып табылатын тиімділікті жоғарылатуға себін тигізеді. Мысалы “Интернет-кеңсе” жүйесі клиенттерге өз банк шоттарына ғаламтор арқылы қауіпсіз кіріп-шығу мүмкіндігін береді, сонымен қатар, банк ғимаратына бармай-ақ шот арқылы өзге де төлем түрлерін орындай алады. Серверге ену еToken арқылы жүзеге асырылады.
Банк қолданатын тағы бір жоғары технологиялық өнім – төлем тапсырысын штрих-кодтау. “Жинақ банкі” АҚ ЕБ мәліметтерді штрих-кодтау мүмкіндігіне негізделген электронды сканерлеу және төлем құжаттарын тану жүйесін ұсынады. Ол сипаттамасы бойынша қажетті ақпараттық сыйымдылық пен мәліметтерді оқудың тиімділігімен қамтамасыз етеді. Бұл үшін клиентке штрих-код қалыптастыру мақсатында оның компьютеріне тегін орнатылатын бағдарламалық модуль ғана қажет. Ол үшін қосымша, арнайы құрылғылардың да керегі жоқ. Аталмыш технологияны қолдану нәтижесінде клиенттің төлем тапсырысын банкте өңдеу бір секөнттен артық уақытты алмайды.
Банк ұсынған алдыңғы қатарлы технологиялардың артықшылығы арқасында клиенттер еңбек, уақыт, қаржы шығындарын барынша төмендетуге мүмкіндік алады. Осындай кәсіби шеберлігі жоғары менеджерлерден құралған қоманданың жұмыс нәтижесін банк клиенттері есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуде де сезіне алады. Жинақ банкте шот ашқан заңды тұлғалар банк өнімдері кешеніндегі барлық қызметті, артықшылықтарды пайдаланады. Банк клиенттері ағымдағы шотындағы қаржысын басқара алатын құралдарды қолдануға мүмкіндіктері бар. Яғни, интернет арқылы ақшаларын ағымдағы шоттан оңай алып, орнына кез келген уақытта салады. Банк ұсынатын депозиттер де қайтару мерзімі мен ставкалар ауқымы бойынша кең әрі кірісі мол қаржы құралы болып саналады. Ол клиенттің қаржылық жоспарындағы басым бағыттарын есепке ала отырып, сондай-ақ компания қызметі нәтижесін оңтайландыруға мүмкіндік береді.
“Жинақ банкі” АҚ ЕБ – шын мәнінде Қазақстандағы ең сенімді банктердің бірі. Банк маңызды қаржылық институт ретінде барлық деңгейдегі құралдардың абсолютті сақталуына, инкассацияның бүкіл қорғау амалдарымен жүргізілетініне кепілдік береді. Инкассация сақтау мен орналастыру арасындағы амалдар қатаң тәртіпті сақтау арқылы жүргізіледі. Мұның бәрі банкке халықаралық рейтингілік агенттіктердің берген жоғары бағаларынан, мықты акционерлерінің болуынан көрініс табуда.
“Бейтарап” бағдарламаны жүзеге асырудың көрінісі ретіндегі мақсатқа бағытталған. Стратегиялық маңызы және банк қызметінің сапасын арттыруда кәсіби мамандардан арнайы жасақталған топ құру, жоғарыда сипатталған банк өнімдері мен қызмет көрсету банк басшылығының басты назарында. Өйткені, қызмет көрсету сапасының артуы банктің үшжылдық стратегиясының негізгі өзегі болып отыр. Банкте жұмыс істейтін қызметкерлер өз әріптестеріне ілтипатпен назар аударып, атқаратын жұмыстарына жауапты қарауы қалыпқа айналған. Себебі, мұндай мәдени негіз – сапа менеджментінің іргетасы. Мұны әрбір клиент өз бизнесінің сапасы мен тиімділігін көтеруге көмектесетін банк өнімдерін қолданған кезде ғана атқарылған жұмыстың нәтижесін сезінбек.
Венера ТҮГЕЛБАЙ.