Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековті, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы Сәкен Жасұзақовты және “Қазақстан инжиниринг” ұлттық компаниясы” АҚ басқарма төрағасы Болат Смағұловты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Ә.Жақсыбеков Президентті қорғаныс ведомствосының ағымдағы қызметі туралы хабардар етті. Атап айтқанда, аяқталып келе жатқан жылдың қорытындылары және елдің алдағы кезеңге арналған Қарулы Күштерін дамыту және жетілдіру жөніндегі жоспарлар баяндалды.
Кездесу кезінде сондай-ақ қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту туралы, Қорғаныс министрлігі мен “Қазақстан инжиниринг” компаниясының мәшине жасау саласындағы кәсіпорындарда дамыту және орналастыру мәселелері бойынша қорғаныстық тапсырыстардағы өзара іс-қимылы сөз болды.
Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар тапсырмалар берді.