• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
06 Қараша, 2010

Аудан орталығына Қайсенов есімі берілді

430 рет
көрсетілді

Даңқты партизан жазушы, “Қа­зақ­станның Халық Қаһар­маны” Қа­сым Қайсеновтің арамыздан кет­ке­ніне үш-төрт жыл өте шығыпты. Кіндік қаны тамған Ұланына бір рет келмесе ішкен асы бойына сіңбейтін Қасым аға арамызға қайта оралды. Жақында Ұлан аудандық мәслихатының бір топ депутаты аудан орталығы – Молодежное кентіне Қасым Қайсеновтің есімін беру жөнінде шешім қабылдады. Сөйтіп, іскер басшы, ауданның жаңа әкімі Жомарт Мұратов пен ауыл ақсақалдары мен зиялыларының өтініші қанағаттандырылды. Сонымен қатар, Таврия ауы­лына Қ.Қайсеновтің бюстін, ал Өскемендегі қазіргі ескерткішін ауыстырып, орнына үлкен ескерт­кіш қою ұйғарылды. Кеңес Ода­ғының Батыры Төлеген Тоқта­ров­тың есімімен Тавриядағы бір көше аталатын болды. Оңдасын ЕЛУБАЙ. Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы.