Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігінде болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Төраға Ресейдің бұрынғы премьер-министрі Виктор Черномырдиннің қайтыс болуына байланысты Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі М.Бочарниковке көңіл айтты және аза кітабына қолтаңбасын қалдырды.
Соңғы уақытқа дейін Ресей Федерациясы Президентінің ТМД-ға қатысушы мемлекеттермен экономикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша арнаулы өкілі қызметін атқарған В.Черномырдин елдегі қоғамдық-саяси танымал қайраткер болды.