• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Қараша, 2010

Астана қауіпсіздіктің жаңа философиясын қалыптастыруда

479 рет
көрсетілді

Басқа басылымдардан Қазақстан Еуропадағы қауіп­сіз­дік және ынтымақтастық ұйы­мы­на төрағалығында ұлттық стра­те­гиялық жобаларды жүзеге асыра бастады. Осы жылдың 1-2 жел­тоқ­санында Астанада өтетін Ұйым­ның Саммиті барлық кеңістікте жауапкершілігі зор, сапалық жағынан серпінді жағдай жасайды. Қазақстан жоғары деңгейдегі кездесулерге өзінің миссиясын орындауға нақты істермен кірісіп отыр деп есептейміз. Ұйым кеңіс­тігінде қарама-қайшы көзқарас­тар­ға қарамастан, қазақстандықтар Ұйымға қатысушы елдер басшы­ла­рының үстел басында келіссөздер жүргізулеріне көздерін жеткізді. ЕҚЫҰ үшін жоғары деңгейдегі кездесу сирек құбылыс болып та­былады. Егер цифр тілімен айта­тын болсақ, осы жылы Хельсинки үдерісіне 35 жыл толды, Астана­да­ғы жоспарланған кездесу жетінші саммит болғалы отыр. Кездесулер әр бесжылдықта кем дегенде бір рет өткізілетіндігі айтылып жүр. Бұл ЕҚЫҰ жүйесінде кідірістер бар екендігін көрсетеді. Аталған дерек Ұйымның негіз қалаушы құжаты – 1990 жылы қабылданған Париж хартиясының талаптарына қайшы келеді. Париж хартиясында ЕҚЫҰ саммитін әр екі жыл сайын өткізіп тұру қажеттігі көрсетілген. Солай бола тұрса да Ұйымның саммиті өткен ғасырдан, дәлірек айтқанда, 1999 жылдан бері өткі­зілмеді. Үлкен саясаттың өлшемі бойынша, бұл – тұтас бір дәуірді қамтиды. Қазақстанның ЕҚЫҰ Самми­тін өткізу жөніндегі бастамасының қолдау табуына Қазақстан Пре­зи­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық аренадағы беделі үлкен рөл атқарғанын атап өткен жөн. Онда Мемлекет басшысының болашақты дөп болжай білгені және алға қойған мақсатты орын­дауға деген жігері жатыр. Алға­шын­да көптеген сарапшылар мен саясаткерлер Қазақстанның осы мәселе бойынша консенсусқа жетуіне күмәнмен қарады. Шы­нын­да да, жалпыеуропалық қауіп­сіздік форумын Орталық Азиядағы мемлекет басқаратындығы мүмкін еместей көрінген. Сонымен қатар, Қазақстанның ЕҚЫҰ Саммитін өткізу туралы ұсынысына да сын көзбен қарағандар аз болған жоқ. Өткен жылдың желтоқсанында Афинадағы Ұйымға қатысушы мем­лекеттер Сыртқы істер ми­нистр­лерінің кеңесінде Қазақстан­ның ұсынысы зор қызығушылық туғызды. Бұл жерде Қазақстан Респуб­ли­­касының Президенті Н.Ә.На­зар­баевтың саяси дара тұлғасын, алға қойған мақсатқа жете біле­тіндігін, соған көпшіліктің көзін жеткізе алатын ерекше қасиетін атап өткен дұрыс. Қазақстан ЕҚЫҰ-ны нақты мақсатқа бағытталған АӨСШК, НАТО және ҰҚШҰ сияқты құрылымдармен келіссөздер алаңына айналдыру саясатын жүргізуде. Қазақстанның басты мақсаты – бірлесе күш жұмылдыру арқы­лы Еуразия кеңістігінде қауіпсіз­дікті қамтамасыз ету болып табы­лады. Бұл мақсатқа қол жеткізудің іргетасы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы барысында қаланды деп айтуға болады. Ұйымның Астанада өтетін жоғары деңгейдегі кездесуінде ЕҚЫҰ-ның орны мен оның рөлі жаңа философиялық тұрғыдан қарастырылады және Ұйымға қатысушы елдердің бар­лығына бұл құнды бағыт болады. “Онлайн газета”. Венгрия.