• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
09 Қараша, 2010

Қолайлы жағдай үшін қажет

413 рет
көрсетілді

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінде “Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы” заң жобасы талқыланды. Астанада 2006 жылы қол қойылған Конвенция Қазақстан мен Армения арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге бағытталған. Конвенция армян инвесторларының Қазақстандағы және қазақстандық кәсіпорындардың Армения рыногындағы қызметі үшін қолайлы жағдай туғызатын болады. Заң жобасы палатада қарауға ұсынылды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.