• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
09 Қараша, 2010

Қазақстан Республикасының Заңы

358 рет
көрсетілді

Уақытша әкелу туралы конвенцияны ратификациялау туралы 1-бап. 1990 жылғы 26 маусымда Стамбулда жасалған Уақытша әкелу туралы конвенция ратификациялансын. 2-бап. Қазақстан Республикасы Конвенцияның 24-бабының 4-тармағына сәйкес Конвенцияның: А. “Уақытша әкелу құжаттары туралы (АТА карнеттері мен CPD карнеттері)”; В.1. “Көрмелерде, жәрмеңкелерде, конференцияларда немесе осыған ұқсас іс-шараларда көрсетуге немесе пайдалануға арналған тауарлар туралы”; В.2. “Кәсіби жабдық туралы”; В.3. “Контейнерлер, тұғырлар, орамдар, үлгілер және коммерциялық операцияларға байланысты әкелінген басқа да тауарлар туралы”; В.5. “Білім беру, ғылыми немесе мәдени мақсаттар үшін әкелінген тауарлар туралы”; В.6. “Туристердің жеке мүлкі мен спортпен шұғылдану мақсатында әкелінетін тауарлар туралы”; В.7. “Туристік жарнамалық материал туралы”; “Қазақстан Республикасы өзін D қосымшасының 4-бабы 1-тармағының және D қосымшасына Толықтырудың 12,13-тармақтарының ережелеріне байланысты деп санамайды” деген ескертпелермен D. “Жануарлар туралы” қосымшаларын қабылдайды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2010 жылғы қарашаның 3-і.    №346-ІV ҚРЗ.