• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Қараша, 2010

Күн тәртібі пысықталды

364 рет
көрсетілді

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен болған Парламент Сенаты бюросының отырысында Парламент Мәжілісі мақұлдаған заң жобалары палата комитеттеріне бөлініп берілді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Атап айтқанда, “2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі және АҚШ Үкіметі арасындағы Эко­но­микалық даму жөніндегі Қа­зақ­стан-Америка бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға Қосымша келі­сім­ді ратификациялау туралы” заң жобасын Экономикалық және өңірлік саясат комитеті зерде­лейтін болды. Бюро отырысында сондай-ақ палатаның 12 қарашада болатын кезекті отырысының күн тәрті­біне қалыптастыру үшін палата ко­митеттерінің ұсыныстары да қаралды. Палата отырысында қаржы мәселелеріне қатысты бірқатар жобаларды қарау жоспарланды. Олар: “2011-2013 жылдарға ар­налған республикалық бюджет туралы”, “Қазақстан Республи­ка­сы­ның Ұлттық қорынан 2011-2013 жылдарға арналған кепіл­ден­дірілген трансферт туралы”, “Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық ма­ңы­зы бар қала, астана бюд­жет­тері арасындағы 2011-2013 жыл­дарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы” заң жобалары. Сонымен қатар, депутаттар талқысына бірқатар халықаралық сипаттағы заң жобалары ұсыны­латын болды. Отырыста “Қазақстан Рес­пуб­лика­сының кейбір заңнама­лық актілеріне норма шығар­ма­шылық қызметті жетілдіру мәсе­лелері бой­ынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы екінші оқылымда қара­ла­ды. Сондай-ақ “Қазақстан Рес­пуб­ликасының кейбір заңна­малық актілеріне аза­мат­тық заң­наманы жетілдіру мәсе­лелері бой­ынша өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізу туралы” заң жо­басы бойынша Парламент па­латалары арасындағы келіспеуші­лік­терді қарау және еңсеру үшін келісу комиссиясының құрамына депутаттар сайланады.