Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетовті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Министр Президентке ведомвствоның ағымдағы жұмысы және ішкі істер органдарын реформалау барысы туралы баяндады.
Мемлекет басшысы азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғаудың тиімділігін арттыруға, ұйымдасқан қылмыспен, есірткі бизнесімен және заңсыз көші-қонмен күресті күшейтуге бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.