• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
18 Қараша, 2010

Іске сәт, “Кредит Алтын Банк”!

537 рет
көрсетілді

Ұлттық валютамыз – теңгенің 17 жылдығы аталып өткен күні оңтүстік астана кәсіпкерлері ер­ек­ше сыйлық алды деуімізге бо­лады. Осы күні, яғни 15 қара­ша­да Қазақстанның жаңа қаржылық институты  – “Кредит Алтын Банк” АҚ өз есігін айқара ашып, жұ­мысына кірісті. Құрылтай­шы­лары Асаубаевтар отбасы болып табылатын бұл қаржы мекемесі заңды тұлғаларға қызмет көрсе­туге маманданбақ. Оның қаржы­лық капиталы қазірде 5 млрд. тең­гені құрайды, жоспарлы ме­жеде жарғылық капитал 1,5 есе ұлғаяды деп көз­дел­ген. Се­бебі, банк қазірдің өзінде өте ти­імді және бәсекеге қабілетті ұсы­ныстар түсіруде, дәл осы қыз­мет аясы күннен күнге кеңейе түс­пек. Алматыда алғашқы опе­ра­­циялық залдың ашылуы үлкен жобаның тырнақалды қадамы болды. Алда­ғы уақытта филиал­дық жүйелерді кеңейту жоспар­лануда. Дереккөздің айтуынша, Банк тау-кен байыту, атап айтқанда ал­тын өндіру және өңдеу, өнер­кә­сіптік құрылыс, сауда, логис­ти­ка, ауыл шаруашылығы, мұнай өңдеу өндірісі сияқты маңызды са­лаларды қамтитын өз қызме­ті­нің басым бағытын айқындаған. Қызметінің алғашқы кезеңінде “Кредит Алтын Банк” өз жұмы­сын Алматы мен Астанада, Степ­ногорда және батыс өңірде шо­ғырландырмақ. “Кредит Алтын Банк” АҚ-ның ашылуы Асаубаевтар отба­сы­ның банк саласындағы бірінші жұмыс тәжірибесі бола тұрған­мен, сонда да болса олар үшін қар­жы секторы белгісіз белес емес. Тау-кен өндірісі саласында жұ­мыс істей жүріп Асаубаевтар Қа­зақстан қор биржасының “А” са­на­тының ресми тізіміне қо­сы­лумен бірге “Қазақалтын” кен-ме­таллургия концерні” АҚ обли­га­цияларын шығару ісінде ілкімді тәжірибе жинақтаған-ды. Соны­мен қатар “Қазақалтын” КМК” АҚ Қазақстан Ұлттық Банкі та­рапынан вексельдерді қайта санау үшін шек қойылуына орай бі­рін­ші санатты вексельдер эмитенті деп танылды. Сондай-ақ құрылтайшылар KazakhGold Group Lіmіted бас компаниясы арқылы “Қазақ­алтын” КМК” АҚ-ның Лондон қор биржасында ІPO өткізуі ке­зін­де баға жеткісіз тәжірибе жи­нақ­талған болатын. Мұның өзі бұ­дан былайғы уақытта Kazakh­Gold Group Lіmіted еурооблига­ция­сының тұсаукесер шығары­лы­мын Люксембург қор биржасын­да жүзеге асыруға мүмкіндік бер­ді. “Инвестициялық банктермен жолға қойылған әріптестік қа­тынастар және құнды қағаздар­мен жұмыс жүргізуіміз қаржы сек­торында халықаралық стан­дарт­­тарға сай үлкен жұмыс тә­жірибесін игеруге көмектесті. Бұл тәжірибені біз Қазақстандағы ша­ғын және орта бизнес кәсіп­орындарын несиелеу рыногында сәтімен пайдалануды ұйғарып отырмыз” – дейді дереккөз. Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан Республикасының Қар­жы қадағалау агенттігі “Кре­дит Алтын Банк” АҚ-ға құқықты лицензияны осы жылдың қыр­күй­егінде берген болатын. Ал осы­нау банкті ашуға ҚҚА-ның рұқ­сатын Асаубаевтар отбасы 2009 жылдың тамызында алған­ды­­ғын айта кеткеніміз абзал болар. Қорғанбек АМАНЖОЛ.