• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
27 Қараша, 2010

Интернет жүйесіндегі ілгері жылжу

515 рет
көрсетілді

Байланыс және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, үстіміздегі жылғы қарашаның 25-іне дейін “Эле­ктронды үкіметтің” порталына 10 500 адам хабарласқан. Бүгінгі күнге дейін 238 887 электронды цифрлы қолтаңба берілген. Осы есепті кезеңге дейін “www.egov.kz” порталы арқылы 1 255 816 элек­тронды анықтама қайтарылған. Мәліметте сондай-ақ бүгінгі күнге “egov” порта­лында 60 элек­тронды сервистер мен қызмет түрлері ұсынылғаны атап көр­сетіледі. Бүкіләлемдік экономикалық форумның сайтында жариялан­ған 2010-2011 жылдардағы ға­лам­дық бәсекелестікке қабілеттілік туралы есеп қорытындысына сай, Қазақстан 2010 жылы әлемдік рейтингіде бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, біздің республика “Интернетті пайда­ла­нушылар” және “Интернеттің жыл­дамдығы Мбит/с” индикаторы бой­ынша 139-елдің ішінен 69- орын­ға орналасты. Егер бұл көрсеткіштің 2008-2009 жылдарда – 90-орын, 2009-2010 жылдарда 82-орын болғанын еске алсақ, ілгері жылжу қарқынының жоғары еке­нін байқау қиын емес. Осы жерде “Royal Pіngdom” тәуелсіз мо­ни­торингтік компаниясының биылғы жылғы қараша айында жариялаған рейтингісінде Қазақстанның ин­тернетті пайдаланушылар саны бойынша 43-орын, интернеттің жыл­­дамдығы жөнінен 44-орын алып отырғанын да айта кеткен жөн. “Егемен-ақпарат”.