• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
27 Қараша, 2010

Технологияға қолжетімділік арта түспек

568 рет
көрсетілді

Кеше Астана қаласындағы “Еуроцентр” бизнес орталығында “Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы” АҚ “Технологиялар трансфертінің қазақстандық желісінің даму келешегі” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Онда Қазақстанның технологиялар трансферті бойынша еуропалық желіге ену үдерісі аяқталуға жақындығы сөз болды. “Инжиниринг және техно­логиялар трансферті орталығы” АҚ-тың басқарма төрағасы Саят Нүсіповтің айтуынша, орталық жүргізіп жатқан жұмыстардың қорытынды көрсеткішінің бірі болып табылатын арнайы кон­сорциум құруда екен. Келесі жылы бұл тетік өз мақсатында пайдаланылмақ. Ал бүгінгі күні біз қазақстандық технологиялар трансферті желісін желілік ұйым ретінде құрып, өз сайтымызды жасап шығардық. Енді біз қазақстандық желіні еуропалық технология трансферті желісіне ендіру мақсатында құрылатын Қазақстан консорциумының ал­ғашқы бөлігіне қандай компания­лар кіретіндігін анықтайтын ше­шім қабылдауымыз қажет, деді ол. “Инжиниринг және техноло­гиялар трансферті орталығы” АҚ-тың басқарма төрағасының айтуынша, қазақстандық техно­логиялар трансферті желісінің еуропалық желіге кіруі отандық өндірушілерге шетелдердегі соңғы технологияларды өндіріске елі­мізге артық шығын мен артық уа­қытсыз әкеліп ендіре беруге мүмкіндік бермек.  Сондай-ақ ол бұл атқарылып жатқан шаралар­дың жедел индустриялық-ин­но­вациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудың бір бөлігі ғана екендігін атап өтті. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың ал­ғашқы кезеңдерінде қазақ­стан­дық өнеркәсіпті жаңғыртудың негізгі құралы алдыңғы қатарлы елдер мен зерттеуші орталық­тар­дың технологиялар трансферті болып табылады. “Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы” АҚ мамандарының пі­кірінше, аталмыш консорциумға негізгі қаржы операторы ретінде “Даму” кәсіпкерлерді дамыту қоры міндетті түрде кірмек. Атал­мыш  қор осы уақыттар ішінде ша­ғын және орта бизнес өкіл­дерін, кәсіпкерлікті қолдап келе жатыр. Сондай-ақ алғашқы бө­лімге “Ұлттық ғылыми-техни­калық ақпарат орталығы” кіретін болады.  Қазақстанның барлық ай­мақтарында өз желілік құры­лымы бар аталмыш орталық ғы­лыми-техникалық құжаттардың мол базасына ие. “Kaznex-Іnvest” секілді экспортты қолдауды жү­зеге асыратын құрылым да кіруге лайықты. Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы Еуропалық  ко­миссия Өкілдігінің басшысы, елші Норбер Жустен, Фран­ция­ның Қазақстан Республика­сын­дағы елшілігінің экономикалық өкілдігінің бас көмекшісінің экономикалық және сауда жөніндегі кеңесшісі Лоран Шо­пи­тон және Словакия Респуб­ликасының Қазақстан мен Қырғыз Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Душан Под­горски қатысты. Венера ТҮГЕЛБАЙ.