• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
29 Қараша, 2010

Саммитке сәлем

407 рет
көрсетілді

Сәлем, сәлем! Адамзат тілегін алға асырған, ЕҚЫҰ иесі – Елбасымнан. Әр күні ғажап, ғаламат мынау, ХХІ өр ғасырымнан. Сәлем, барша отандастарымнан! Замандастарымнан... қатарластарымнан, Өркениет өріне жүзген, Ой-арманы асқақ сапарластарымнан. Солтүстік ақ қарынан, Оңтүстік бақтарынан. Батыс пен Шығыс жағымнан, Ынтымақ, ырыс-бағымнан. Сәлем, ақ жаулықты аналарымнан, Ақ самайлы ағаларымнан. Тілегі егіз бауырларымнан, Түтіні түзу ұшқан ауылдарымнан. Айнамкөз көлдерімнен, Ақтылы қой қаптаған белдерімнен. Алатау, Атырау арасындағы, Айшылық алыс жерлерімнен. Дән иісі бұрқыраған қырларымнан, жыр-бағымнан... Сарыарқам мен Сыр жағымнан. Елімнің ғажап қадамдарынан, Жерімнің азат адамдарынан. Каспийлерімнен... Аралдарымнан... Сарайларымнан... алаңдарымнан... Сәлем, сәлем! Кең байтақ Қазақстан аумағынан, Данышпан даласынан... тәкаппар тауларынан. Ұлан да ғайыр ұлы істерімнен, Құт қонған тыныш жерімнен. Сәлем, сәлем! Мәртебелі меймандарыма! Күш-қайрат берсін әсем ән, күй жандарыңа. Әлемнің ендіктері мен бойлықтарынан, Тоқсан мың жолдың тораптарынан... айрықтарынан, Лайнер мініп күміс қанатты, Төрт мұхит асып төрлеткендеріңе, Төрткүл әлемнен кеп жеткендеріңе! Сәлем, сәлем! Толыбай АБЫЛАЕВ, Жарасқан Әбдірашев атындағы  әдеби сыйлықтың иегері. Қызылорда облысы, Арал қаласы.