Президент поштасынан
Мемлекет басшысының атына Қазақстан халқы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ассамблеясының сессиясында қабылданып, 18 этно-мәдени орталықтың төрағалары қол қойған хат келіп түсті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Хатта Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары республиканың барша азаматтарымен бірге халықаралық өмірдің айтулы оқиғасына айналатын жаһандық форумға – ЕҚЫҰ саммитіне әзірлік барысын айрықша мақтаныш және қуаныш сезімімен қадағалап отырғаны хабарланған.
“Осы заманғы әлем құрылысы тарихының маңызды беті біздің көз алдымызда және бейбіт бастамаларын әлемдік қауымдастық орынды түрде атап отырған Қазақстанның Тұңғыш Президентінің тікелей қатысуы жағдайында жазылып жатқанын қуанышпен атап өтеміз. Біз өзімізді бүкіл елімізбен бірге жоғары ұйымдық деңгейде, біздің халқымызға тән қонақжайлық жағдайында өтетініне сенімді шараның қуанышты иелеріміз деп санайтындықтан, осынау оқиғаға қатысты болу мүмкіндігіміз бар.
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан дүние жүзіне ядролық сынақтардан бас тарту туралы бірінші болып жария етті; Еуразиялық идеяның және интеграцияның бастамашысы болды; этносаралық және ұлтаралық келісімнің бірегей моделін – Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды; елорданы көшіру және жаңасын – Астананы салу жөніндегі батыл да тарихи жобаны іске асырды.
Мемлекеттің тарихи шежіресі біздің еліміздің халықаралық аренадағы беделін бұрынғыдан да нығайта түсетін оқиғамен толығатыны қуанышты жәйт. Өйткені, әлемдік тәртіптің өзекті проблемаларын реттеу мақсатында келіссөз үстеліне бірнеше ондаған мемлекеттердің басшылары отыратын болады.
Сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы, оңтүстікқазақстандықтар Сізді қолдайтынын білсе дейміз. Біздің жүректеріміздің бұлқынысы мен ең ыстық тілектеріміз Сізге күш және саулық берсін.
Көпұлтты Қазақстан халқына соғыстың, қуғын-сүргіннің, аштықтың, күйреудің не екенін түсіндіріп жатудың қажеті жоқ. Қазақтар мен орыстар, еврейлер мен немістер, түріктер мен гректер, тағы да жүзден астам ұлт өкілдері иық түйістіре отырып, өтуге тура келген қайғы-мұң, ауыртпалық, көз жасы адамдарды топтастырып, берік достастырып, зорлық пен әділетсіздік ешқашан мақсатқа жетудің тиімді құралы болмағанын және болмайтынын дәлелдеп берді.
Бүгінде сол көшпенділердің ұрпақтары өздерін Тәуелсіз Қазақстанның азаматтары деп мақтанышпен атап, оны өздерінің Отаны санайды, осында отбасын құрып, бала тууда, елдің болашағын өз қолдарымен жасауда.
Әлемдік қауымдастықтың өкілдерін біз түрлі ұлт адамдарының арасындағы сенімді нығайтуға, Отан тағдыры үшін ортақ жауапкершілік дәстүрлерін молықтыруға, этносаралық және конфессияаралық салаларда ашықтықты сақтауға, бейбітшілік пен келісімнің негізі ретінде төзімділікті дамытуға шақырғанымызға және бұдан былай да шақыратынымызға сендіргіміз келеді”, делінген хатта.