• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Желтоқсан, 2010

Төрағалық табыстылығына үлес

357 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының вице-президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ ПА Бюросының отырысы мен ЕҚЫҰ Саммитіне қатысу үшін Астанаға келген ЕҚЫҰ Парламенттік Ассам­блеясының Төрағасы Петрос Эфтимиу бастаған ЕҚЫҰ Пар­ламенттік Ассамблеясының делегациясын қабылдады. Кездесу барысында алдағы жо­ғары деңгейдегі кездесулердің күн тәртібінде тұрған мәселелер бойынша жан-жақты пікір ал­ма­сылды. Шетелдік меймандар қа­зақ­стандық төрағалық етудің белсенділігі мен тиімділігін, соның арқасында ЕҚЫҰ Саммиті өткелі отыр­ғанын қанағаттанғандықпен атап өтті. П.Эфтимиу: «Парламенттік Ассамблея ұйымның маңызды бө­лі­гі болып табылады, ЕҚЫҰ-ға қа­тысушы елдер халықтарының мүд­делері мен сенімдерін ілгерілету үшін парламенттік өлшемнің маңызы зор», деді. Ассам­блея­да­ғы қазақстандық делегацияның бел­сенді және тиімді жұмыста­рын атап өте келіп, П.Эфтимиу Ас­танада ЕҚЫҰ Саммитін өт­кізу­де қазақстандық парламентші­лердің ынта-ықы­ласының рөлі жоғары болғанын атап көрсетті. «Қазақстан ұйымға елеулі серпін бере алды, сондықтан да Ас­та­надағы жоғары деңгейдегі кездесулер бүкіл халықаралық қо­ғам­дастықтың назарын аударып отыр», – деді сөз орайында П.Эфтимиу. Парламентшілердің пі­кірінше, алдағы форум еуро­атлантикалық және еуразиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша үнқатысуды белсенділендірудің бас­талу нүктесі болады. «Ұйым әлемдегі тұрақтылық пен қауіп­сіздікті қамтамасыз ету үшін ерекше ресурс болып табылады», деді ЕҚЫҰ ПА Төрағасы. Қ.Тоқаев қазақстандық төр­аға­­лықтың бастамаларын жүзеге асы­рудағы және ЕҚЫҰ Сам­митін өткізудегі шетелдік пар­ламент­ші­лердің үлестері үшін алғыс ай­тып, ұйымға қатысушы елдердің басшылары қоры­тын­ды құжатқа қол жеткізетініне сенім білдірді. Парламент Сенатының Төр­аға­сы Қасым-Жомарт Тоқаев­пен болған кездесуден кейін Петрос Эфтимиу журналис­тер­дің көп­те­ген сұрақтарына жауап берді.