• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
01 Желтоқсан, 2010

Summit

1701 рет
көрсетілді

Хельсинкиден Астанаға дейін Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) –  құрамына 56 мемлекет-қатысушы мүше болып кіретін қуатты қоғамдық қауымдастық. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының VІІІ тарауына сәйкес Еуропадағы шиеленістерді ескерту мен дағ­дарысты жағдайдың алдын алу, орын алған оқыс оқи­ғаларды реттеу мен одан кейінгі ахуалды қалпы­на келтіру мақсаттарына қызмет етеді.  Қазіргі таңда алдына бұдан да басқа ірі міндеттерді қойып отырған бұл ұйым өз қамтуындағы елдердегі қарулану, превентивті елшілік, сенім мен қауіпсіздікті нығайту, адам құқығы, сайлауларды бақылау, сондай-ақ экономикалық және экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне араласады.

Ұйым құрылуының ресми датасы болып табылатын 1975 жылдың 1 тамызы күні Хель­синкиде Еуропа қауіпсіздік және ынтымақ­тастық кеңесінің (ЕҚЫК) бірінші саммиті өз жұмысын бастады. Алғаш құрыл­ған кезінде ол қазіргідей ұйым емес, кеңес мәр­тебесінде дү­ниеге келді. Тап осы күні Суоми елі аста­на­сында бас қосқан Еуропаның 33 елінің, АҚШ пен Канаданың басшы­лары қатысу­шы-мемле­кеттердің өз азаматтарына қарым-қа­тынасы, сондай-ақ олардың өзара байла­нысы тәр­тібінің негізгі қағидаттары көрсетілген актісіне қол қойды. Осыған байланысты Хель­синки актісі жалпы еуропалық қауіпсіздік жүйесін қалып­тас­тыру жолындағы маңызды қадам­дар­дың біріне айналды. Мұндай жүйе құры­луының объективті алғышарттары өткен ға­сыр­дың 60-70-жыл­дары­ның шегінде пайда болды. Ол ең алдымен Батыс пен Шығыстың арасындағы шиеленіс қаупін ыдырату, өзара байланыстары арта түскен мемле­кеттердің қа­рым-қатынас­тарын реттеу мұра­ты­нан туындады. 60-жылдардың екінші жартысында Кеңес Одағы Батыс пен Шығыс арасындағы шие­леніс­тің бәсең­деп, қарым-қатынастың жолға қойыла бас­тағанын пайдаланып, көп қырлы Варшава келісім-шарты ұйымы атынан Еуропа қауіпсіз­дігі мәселелері жөнінде кеңес өткізіп, Еуропа­дағы қазіргі шекараны бекітіп беретін және Батыс пен Шығыс арасындағы саяси және экономикалық кең көлемді ынтымақ­тас­тық­қа жол ашатын құ­жат­ты салтанатты жағдайда қабылдауға ұсыныс жасады. Бұл идеяға барынша сақ қараған НАТО 1969 жылы белгілі бір шарттары орындалған жағдайда аталмыш кеңеске қатыса алатынын білдірді. Солтүстік Атлант блогы бұл шарттардың ара­сына кеңеске Құрама Штаттар мен Канаданы толық құқық­тарымен қатыстыру­ды, Берлиннің құқықтық статусын бекітуді, Еуропада яд­ролық емес қарусыздандыруды және күн тәр­тібіне адам құқықтарын қорғау мәселесін ендірді. 1970 жылдың басында кеңестің шақыры­луына тұсау салып тұрған басты кедергі алын­ды. КСРО оған АҚШ пен Канаданың қаты­суына келісім берді. Жиында Берлин жөнінде төрт жақты келісімге қол қойылды, күш қолданудан бас тарту және ГФР, ГДР, Польша, Чехословакия және Кеңес Одағы ара­ларын­дағы шекаралардың мызғымас­ты­ғын мойын­дау жөнінде келісім-шарт жасал­ды. 1973 жылдың 3-9 шілдесі аралығында Хель­­синкиде өткен келіссөздің бірінші кезе­ңіне Еу­ро­­па­ның барлық 35 мемлекетінің (Ал­баниядан басқа), Құрама Штаттар мен Кана­да­ның сыртқы істер министрлері қатысты. Олар талқылау барысында “Көгілдір кітап­ты” бекітіп, өз үкі­мет­терінің Еуропа­дағы қауіп­сіздік және ынты­мақтастық мәселе­лері жөнін­дегі ұстанымдарын жеткізді. Келіссөз­дердің екінші кезеңі 1973 жылғы 18 қыр­күйек пен 1975 жыл­ғы 21 шілде аралығында Швей­царияның Жене­ва қаласында өтті. Ол Кеңес­тің қоры­тын­ды құжаты­мен жұмыс іс­теуге арналды. Ал үшінші кезең сол 1975 жыл­ғы 1 тамызда осы құ­жатты одан әрі талдап, қол қоюмен аяқ­талды. Сондықтан да біз оны “Хельсинки Қорытынды актісі” деп атаймыз. Бұл ұйым тарихындағы сонымен бірге бірінші саммит болды. Содан бергі 35 жылдық кезеңде бар-жоғы 6 саммит қана өтті. Енді соларда қаралған негізгі мәселе­лерге қысқаша шолу жасап өтейік. 1975 жыл­ғы 1 та­мыз­да Фин­лян­­дияның астанасы Хель­синки қала­сын­да өткен саммитте бірінші кезекте маңы­зы бар он қа­ғи­дат­ты (бы­ла­­йынша “Хель­син­ки дека­логы” деп аталады) бекітті. Олар осы қағидаттарды “саяси, эконо­микалық және әлеу­меттік жүйелерінің, сон­дай-ақ олар­дың көлем­дерінің, геогра­фиялық жағдайлары мен эконо­ми­калық даму дең­гей­­лерінің әртүр­лі болған­дарына қара­мастан”, “қатысу­шы-мемле­кет­тер­дің әрбірі­не қатысты қолдану және оларды құрметтеу” тұрғы­сында өз­деріне міндеттеме алды. Ал “Хельсинки декалогы” егемендік, теңдік, егемендікке тән құқық­тарды қорғау (1), күш көрсетпеу және күш көр­сетуге қоқан-лоқы жасамау (2), ше­кара­­лардың мызғымастығы (3), мемлекет­тер­дің территориялық тұтас­тығы (4), та­ластарды бейбіт жолмен реттеу (5), бір-бірінің ішкі істеріне араласпау (6), ой, ар, дін және сенім ер­кін­дігімен қоса адам құқығы және бос­тандығы негіздерін құр­меттеу (7), халық­тардың теңдігі және өз тағдырына билік жасау құқығы (8), мемлекеттер ара­сындағы ынты­мақтастық (9), халық­аралық құқықтар жө­ніндегі міндеттемелерді абы­рой­мен орындау (10) деп өріле­тін қағидат­тарды өмірге әкелді. 1990 жылдың кү­зінде Францияның ас­та­насы Париж қа­ла­­сын­да өткен келесі екінші саммит ЕҚЫК-нің іс-қи­мы­лындағы бет­бұрыс­ты кезең ре­тінде тарихта қал­­­ды. Осы жылғы 21 қарашада қол қо­йылған Париж хар­тиясы ең алды­мен жаңа Еуропа­дағы қырғи-қабақ соғыстың соңғы нүктесі қойылғанын паш етті. Сонымен бірге ол ЕҚЫК-нің келіссөздер мен диалогтар жүргізуге арналған форум түрінен белсенді қимыл жасайтын құ­рылымға айналғанын көрсетіп берді. Осы­лайша жаңа Еуропаға арналған Хартияда ұйымның құрлықтағы тарихи өзгерістер үдері­сін басқаруға өзіндік үлес қосуы мен қырғи-қабақ соғыс аяқтал­ғаннан кейін пайда болған жаңа сұрақтарға нақтылы жауап қай­таруы тұрғысындағы алған міндеттері қо­йылды. Бұл міндеттерді шешу үшін бірнеше мекеме мен институт құрылды. Енді Кеңестің жұмысы тұрақты сипатқа ие болып, ол ұдайы кездесулер өткізіп тұру негізіне бағынды. Саммитте саяси кеңес берушіліктің үш бас­пал­дақтан тұратын тетігі құрылды. Олар­дың біріншісі қатысушы-мемлекеттер басшы­лары мен үкімет жетекшілерінің екі жылда бір рет өтіп тұратын кездесулеріне негізделді. Сам­мит­терде негізгі өңірлік және кең көлемді проблемалар талқыланып, ЕҚЫК-нің іс-қимы­лы­ның принципті бағыт­тарын белгілеу мен Ке­ңестің негізгі құжаттарын қабылдау мәсе­лелері шешілуі тиіс болды. Екінші саты ЕҚЫК үде­рісі шең­беріндегі саяси консультациялар алу­дың орталық форумы – сыртқы істер министр­лерінің кездесуі түрінде өтетін болып шешілді. Кеңес Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақ­тастық жөніндегі Жиынға қатысы бар мәселе­лерді талқы­лауға негізделді. Ал үшінші бас­қышта функция­сына Кеңес отыры­сына қарауға ұсынылатын мәселелерді да­йындау, оның шешімдерін орындау, сон­дай-ақ басқа да ағым­дағы мәселелерге шолу жасау кіретін аға лауа­зымды тұлғалар комитеті жұмысқа қосылады. Осылайша жаңа Еуропаның Париж хар­тиясы Кеңес­тің шең­берінде шиеленістерді бейбіт жолмен тар­қа­туға бай­ла­­ныс­ты жал­пы­еуро­па­лық ынты­мақ­­тас­тық спек­трі­нің ба­рынша кең ауқымды міндеттерін шешіп отыруға қабілетті ұйымдық құрылым құру­дың қажетті алғы шарттарын жасап берді. Хартия қырғи-қабақ соғыс қорытын­дылары шыға­рыл­­ған және Еуро­па континентінде Батыс пен Шы­ғыс арасын­дағы қарым-қаты­настардың жаңа дәуірі бастал­ғанын жария­лаған бірінші көп қырлы құжат болды. Хельсинкиде екінші мәрте, 1992 жыл­­­ғы 9-10 шіл­­де күн­де­рі өт­кен келесі үшін­ші сам­мит (“Хе­ль­син­­ки-ІІ”) көп жағ­дай­да еу­­­­­­­ро­­па­лық қауіп­­­сіз­дік­тің жа­­ңа ар­хи­­тек­ту­ра­сы тұжы­рым­­дамасын одан әрі дамыту­дың ше­шуші кезеңіне айналды. Өңірлік кикіл­жіңдер бірінші кезекке шыққан жаңа уақыт ағымы енді құрлықтағы қауіпсіздікті қамта­масыз етудегі көптеген тірлікке басқаша тұр­ғыдан қарауға мәжбүрледі. Сондықтан 1992 жылғы Хель­син­ки декларациясы ЕҚЫК “жаңа Еуропаның қалыптасу үдерісі бағытын анық­таушы және осы үдерісті ынталан­дырушы форум болып табылатынын” мәлімдеді. Хельсинки-ІІ саммитінің шешімі негізінен еуропалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі пікірталас үшін ашылған форумнан жедел функция­ларға ие біршама қуатты ұйымға ай­налдыруға бағытталды. Алайда, бұл жолда нақ­тылы істелінген пәрменді жұмыстар он­шалықты көп болған жоқ. Саммиттегі өмір­ге тура енген және ЕҚЫК-нің әлеуетін байыта түскен санаулы шешімдердің бірі аз ұлттар істері жөніндегі Жоғары комиссар лауа­зы­мын ендіру болды. Келесі, 1993 жылы Римде сырт­қы істер министрлерінің қатысуы­мен өткен кездесуде ЕҚЫК-нің тиімділігін көтеруге бағыт­талған бірқатар бастамалар қозғалды. 1994 жылдың жел­тоқсан айын­да Вен­грия­ның ас­­танасы Бу­да­­пешт қа­ла­­­сын­да өт­кен төр­тін­­ші саммит XXІ ға­сыр­да­ғы қауіп­­­­сіз­дік­тің ұстыны қан­­дай болуы керек екені жө­­­ніндегі мә­селені тал­қы­лады. Мұндай модельді жасау осының алдындағы Хель­синки-ІІ саммитінде сұлбасы сызылған ұйым­дық өзгеріс­терді жасап шығуға негізгі тетік болады деп есептелінді. Жиын­ға қа­ты­сушы-мемлекеттер бас­шы­лары сондай-ақ ЕҚЫК қамтуындағы өңірлерде әскери қақ­тығыстар шарпысы, адам құқығын аяққа таптау оқиғалары, аз ұлт­тар өкілдеріне қысым жасау деректері әлі тоқ­тал­май тұрғанына алаңдаушылық білдірді. Олар ЕҚЫК шеңберінде қабылданған қағидаттар мен міндеттердің кең ауқымда орындалмай келе жат­қанына байланысты шешуші қимыл­дар жасау қа­жет екенін мойындай отырып, Кеңестің аймақ­тағы шиеленістерді алдын ала ескертудегі, олардың ал­­дын алудағы және дағдарыстарды реттеудегі бас­ты құралдардың бірі болып табылатынына назар аударды. Бір айта кететін нәрсе, Будапешт деклара­циясы мәтінінде қатысушы-мемлекеттердің бір жүйеге түсуге ұмтылысы, басқа да еуро­палық, өңірлік, трансатлантикалық ұйым­дармен және институттармен мейлінше шы­на­йы ынтымақтастық негізіне көшуі секілді мәселелер қарастырылғанымен, ол орындала қойған жоқ. Оны іс жүзіне асырудың нақтылы шаралары осыдан үш жыл өткеннен кейін, 1997 жылы Копенгагенде сыртқы істер ми­нистрлерінің кеңесінде қабылданды. Ақыр соңында, саммитке қатысушы-мем­лекет­тер Еуропадағы қауіпсіздіктің жалпы кеңістігін қалып­тастырудағы ЕҚЫК рөлінің күрт өсе түсуі оны Еуро­па­дағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) айнал­дыруды талап ететінін мойындады. 1996 жылғы желтоқсан айын­да Португа­лия­­ның астанасы Лис­­сабон қала­сын­­да өткен бесінші саммит мұ­ның ал­дын­да­ғы жиында кө­те­ріл­ген XXІ ға­сыр­дағы қауіп­сіз­­діктің моделі қандай бо­­луы ке­­ректігі жө­­нін­дегі мәсе­лені одан әрі тал­қылауды күн тәртібінде ұста­ды. Оның үстіне бұл «Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы» атанған құрылымның бірінші басқосуы болды. Ал португал жеріндегі талқылау­лардан соң “Еуропаның XXІ ғасырдағы Еуропа үшін жалпы және жалпыға ортақ қауіпсіздігі моделі” деп аталатын декларация дүниеге келіп, “Қарулануды бақылаудың негіздері” мен “Форум­ның қауіпсіздік сала­сын­дағы өзара қызметтестік жөніндегі күн тәртібін дамыту” деген құжаттар бекітілді. Тап осы жиында ЕҚЫҰ-ның барлық өл­шемдер бо­йынша қауіпсіздік пен тұрақ­тылықты нығайту ісіндегі шешуші рөлі тура­лы тезисті одан әрі дамыту жайы көтерілді. Кезегі бойын­ша алтыншы болып отыр­ған Ыс­тамбұл сам­миті 1999 жылғы 19 қара­шада шақы­рыл­ды. Бұл жиын бірінші рет ша­­­қыру­шы елдің ас­танасы емес қалада өтті. Ал екі құр­­лық­ты жалғап жат­­­­қан шы­райлы ша­һар­­да бас қосқан атал­­мыш саммитке 54 мем­лекет-қаты­су­шы­ның басшы­лары келді. Мұнда қабыл­дан­ған Еуропа қауіп­­сіздігінің хартиясы ұйым тари­хындағы белгілі бір кезеңді тұйықтайтын құ­жатқа айналды. Ол осының алдындағы екі саммитте талқыланған Еуропаның XXІ ғасыр­дағы қауіпсіз­дігі моделі жөніндегі пікірта­лас­тың түйінін түйді. Еуропа қауіпсіздігінің хартиясында атап өтіл­ген басты жаңа элементтер ЕҚЫҰ-ның шиеленістерді күні бұрын ескерту мен олардың алдын алу­дағы басты құрал ретіндегі рөлін күшейтетін жаңа қадамдарды, тетіктер мен құралдарды пайдалану болып табылады. Ал саммитке қатысқан мемлекет­тердің бас­шылары мен үкіметтер жетекшілері бір ауыз­дан өздерінің “ЕҚЫҰ өңірінде еркін, демо­кратиялы және мейлінше біртұтас ұйым құру ісіне белсене араласатындарын” мәлімдеді. Осынау мақсатқа жету үшін саммитте мынадай қадамдар жасалды. Олардың қата­рында ЕҚЫҰ мен басқа да халықаралық ұйым­дардың арасындағы өзара әріптестікті нығайту үшін ынтымақтастыққа негіз­­делген қауіпсіздік платформасын қабылдау, қауіп­сіздік Ұйымы­ның жалпыға бірдей талабын нақты орындай отырып, бейбітшілікті қолдау опера­цияларын­дағы ЕҚЫҰ-ның рөлін арттыру, ЕҚЫҰ-ның жергілікті жерлердегі ірі азаматтық операция­ларды өткізу мен сұраған көмектеріне жедел үн қату мақсатында шұғыл сарапшылық және ынтымақтас­тық топтарын құру, заңның үстем­дік құруын сақтау мен құ­қықтық тәртіпті қал­пы­на келтіру мақ­сатында полицейлік қызмет саласындағы мүм­кін­діктерді ұлғайту, ЕҚЫҰ операция­ларын жер­гілікті жерлерде жоспарлап, өрістету үшін керекті жедел орталықтар құру, ЕҚЫҰ-ның Тұрақты кеңесі жанынан Дайындық комитетін бекіту жолымен ЕҚЫҰ шең­берінде саяси консультациялар үдерісін нығайту секілді тармақтар қарас­тырылған. Ыстамбұлда қабылданған бұл хартия өз кезегінде ЕҚЫҰ қатысушы-мемлекеттерінің “мінез-құлық кодексіне” айналды. Оның негізін барлық ЕҚЫҰ қатысушы-мемлекеттерінің БҰҰ Жарғысы мен Хельсинки Қорытынды актісіне толық бағы­ныш­тылығы құрайды. Бұл құжат Ұйымның соғыс пен бүліншіліктер сал­дарынан зардап шеккен аумақтар­дағы адамдар өмірін қалпына келтіру мен шиеленіс­тердің алдын алу және оларды болдырмау жөніндегі миссиясын таза орындауына жол ашып берді. Міне, басы сонау 1975 жылы Хель­синкиден басталған саммиттердің жетіншісі бүгін  Астана төрінде жалғасын тапқалы тұр. Әлем жұрт­шы­лығының осы жетінші саммиттен де күтері көп. Серік ПІРНАЗАР.