• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
01 Желтоқсан, 2010

Сенім мен серпін

432 рет
көрсетілді

Лале УЛЬКЕР, Түрік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі. Түрік және қазақ халық­тарын ортақ тіл мен тарих және мәде­ниет байланыстырады. Осы шең­бер­де, Түркияның сыртқы сая­са­тын­да Қазақстанмен ара­дағы қа­рым-қатынас маңызды орынға ие. Қазақстан Республикасының Пре­­­­з­иденті құрметті Нұрсұлтан На­зарбаевтың 2009 жылы Түр­кия­ға жасаған сапары кезінде қол қой­­ыл­ған Стратегиялық әріптес­тік келі­сім-шартына сәйкес жаңа бағ­дар ал­ған екі ел арасындағы қа­рым-қаты­настар саяси, сауда-эко­но­микалық, мәдени және басқа да салаларда жоғары деңгейде тұр. Үстіміздегі жылы екі ортада жүр­­ген көптеген жоғары дең­гей­дегі са­парлар екі ел қатынасын одан әрі нығайта түсті. Қазақстан Түркияның өңір­дегі ең маңызды сауда-эконо­ми­калық әріп­тесі болып табылады. Қарқын­ды даму үстіндегі сауда-эко­­но­ми­ка­лық байланыстары­мыз­­бен қа­тар, түрік мердігер фир­маларының Қазақстан бой­ынша алған жоба­ла­рының жал­пы құнының 10 мил­лиард доллардан асып түсуі, түрік кә­сіп­керлерінің Қазақстанға құй­ған инвестициясының жалпы кө­ле­мінің 2 миллиард долларға жетуі, сол сияқты Түркиядағы қа­зақ­­стан­дық инвесторлар саны­ның да қарқынды түрде артуы – қа­лып­тас­қан ын­ты­мақтас­тығы­мыз­дың қазіргі таңда жеткен дең­гейінің көр­сеткіші. Түрік құрылыс компания­лары­ның әсем елорда – Астананың да­муына үлес қосуы біз үшін үлкен мақтаныш. Білім және мәдениет салаларын­да­ғы үлгі боларлық ынтымақтасты­ғы­мызды қарым-қатынасымыздың ма­ңызды өлшемдерінің біріне са­наймыз. Түркия мен Қазақстандағы түрік университеттері мен қазақ-түрік мектептерінде білім алған және оқып жатқан Қазақ елінің жастары мен Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті және басқа да білім орындарында оқы­ған түрік жастары ортақ келе­шегіміздің негізін қалайды. Түркия мен Қазақстан арасын­да­ғы қарым-қатынас тек екіжақты емес, сонымен қатар өңірлік және ха­лықаралық деңгейде де қар­қын­ды дамуда. Қос ел Еуразия өңірінде бейбітшілік пен тұрақтылықты ор­нату жо­лында ынтымақтасып, осы үшін үл­кен ынта-жігер танытуда. Осындай іс-қимылдардың нақты нәтижесі ретінде Президент Н.На­зар­баевтың бас­та­­ма­сымен құрылған Түркі тілдес мем­лекеттердің ын­ты­мақтастық ке­ңесі 2010 жылғы 15-16 қыркүйек күндері Ыс­тамбұл қаласында өткен саммит кезінде өз қызметін баста­ды. Ын­ты­мақтастық кеңесінің ал­ғашқы саммиті келесі жылы Астана қаласында өтеді. Түрік мемлекеті алғашқы күн­­нен-ақ Ататүрік негізін сал­ған “Өз еліңнің тыныштығы – әлемнің ты­ныштығы” деген қи­сын­ды ойдың бағытында көп­қыр­лы, көпвектор­лы, прагма­ти­ка­лық әрі адамгершілікті жоғары тұтқан сыртқы саясат ұстанумен келеді. Біз Қазақстанның Президент Н.Назарбаевтың көреген жетекшілігі арқасында тәуелсіздігін ал­ғаннан бергі өткен қысқа мерзім ішінде қол жеткізген жетістіктерін жоға­ры бағалаймыз. 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық міндетін алуы – халық­аралық қоғам­дас­тықтың да Қазақ­станның өз өңірінде жетекші елге айналуын қамтамасыз еткен осы жетістіктерін мойындағанын көр­се­теді. Қазақстан өзі төрағалық ат­қарған мерзімде осыдан 11 жыл бұ­рын, 1999 жылы Ыстамбұлда өткен саммиттен кейін желтоқ­сан айында Астанада жоғары дең­гей­дегі форум өткізу құрме­ті­не бө­ленуі өте қуантарлық жәйт. Екі ел Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы шеңберінде де, саммит­ке дайындық кезеңінде де ты­ғыз ынтымақтастықта әрекет етуде. Елдеріміздің Еуразия кеңісті­гін­дегі ең маңызды қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымдары – Еуропадағы қауіпсіздік және ын­ты­мақтастық ұйымы мен Азия­да­ғы өзара іс-қимыл және сенім ша­ралары жөніндегі ке­ңеске бір уа­қытта төрағалық етуі арамыздағы ынтымақтастыққа соны серпін деп санаймын.