Өткен аптада “Меценаттар клубы” тағы да жұлдыздар шоғырын жақты. Облыстағы Атымтай жомарттар биыл оныншы рет әдебиет пен өнердегі таланттарға, мәдениет саласының қызметкерлеріне “Қазына” және “Шабыт” сыйлығын табыс етті.
Үстіміздегі жылы “вокал”, “хореография”, “журналистика”, “әдебиет”, “ауылдағы мәдениет жаршысы”, “театр”, “бейнелеу өнері” сияқты аталымдар бойынша отыз адам қомақты қаржылай сыйлықтарға ие болды.
Он жыл ішінде “Меценаттар клубы” екі жүзден астам шығармашылық иесін және отыз шақты өнер ұжымын қаржылай сыйлықпен марапаттапты. Оған жүз миллион теңге шамасында қаржы жұмсалған екен.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
Қостанай.