• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2010

Банк, білім және ғарыш...

422 рет
көрсетілді

Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен өткен палатаның сәрсенбі күнгі жалпы отырысында он төрт мәселе қаралды. Депутаттар күн тәртібіне шығарылған заң жобаларының бірқатарымен жұмысты жалғастыру қажет деп шешсе, қалған заңдық құжаттардың барлығын талқыға салып, тиісті шешімдерін шығарды. Депутаттық сауалдар жолдау әдеттегідей ұзаққа созылды. Күн тәртібінде «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры мәртебесі туралы», сон­дай-ақ осы заң жобасына жапсарлас білім беру мәселелері бой­ынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толық­тырулар енгізу жөніндегі заңдық құжат қаралды. Баяндама жа­са­ған Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов аталған университет пен мектептерге заман талабына сай оқу бағдар­ла­маларын әзірлеп, сынақтан өткі­зетін және үздік тәжірибені республика көлемінде тарата ала­тын басымды білім ошақтарына айналу міндеті жүктеліп отыр­ға­нын атап көрсетті. Оларға ака­де­миялық еркіндік, сонымен қа­тар, білім берудің оқу бағдар­ла­масын әзірлеуге, түсу емти­хан­дарын бақылауға алуға және үл­герімге талаптар белгілеуге мүм­кіндік берілген. Университет пен зияткерлік мектептері аттестациялау мен лицензиялау жалпы ережеден алынып тасталған. Ми­нистрдің пайымынша, мұн­дай еркіндіктің болуы иннова­циялық идеялар мен жобаларды жүзеге асыру үшін жағдай жа­сауға, заманауи білім мен технологиялар орталығына айналуға мүмкіндік береді. Аталған білім ошақтарына арнайы қор құры­лып, оны қайырымдылық пен жеке қаражат көздерінен тол­ты­ру жоспарланыпты. Заң жоба­лары күн тәртібінде екі оқы­лым­да қаралып, бірауыздан мақұл­данды. Сонымен бірге, депутаттар на­зарына көптен бері Мәжіліс қор­жынында жатып қалған «Ғы­лым туралы» заң жобасы да екін­ші оқылымда ұсынылып, қолдау тапты. Келесі мәселе Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Ға­рыш кеңістігін бейбіт мақсат­тар­да зерттеу және пайдалану сала­сындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялауға қа­тыс­ты заңдық құжатты Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы ауы­рып қалуына байланысты оның орынбасары М.Молдабеков баяндап берді. Келісімде ынтымақтастықтың барлық қыр­лары қарастырылыпты. Қазақ­стан тарапынан құзыретті үйлес­тіруші орган – Ұлттық ғарыш агенттігі болса, Ресей жағынан бұл міндетті Федералдық ғарыш агенттігі атқарары белгілі бол­ды. Қаржыландыру осы мақ­саттарға бөлінген қаржы есебінен жүргізілмекші. Агенттік төрағасы орын­ба­сарының депутаттар сұрақ­та­рына жауабынан белгілі бол­ған­дай, «Казсат-2» Жер серігінің ұшырылымы екі айға шегеріліпті. Шамамен оны ұшыру уақыты келесі жылдың наурыз айына жоспарланғаны белгілі болды. Ал бұған дейін істен шыққан «Казсат-1» Жер серігі бойынша сақтандыру компаниясымен арада келісімдер жүргізіліп, пайыз­дық төлемақысы шешілуде. Осы ретте Мейірбек Молдабекұлы Ре­сей­мен арада «Бәйтерек» ға­рыш кешені, ресейлік-украи­налық «Зенит» және «Днепр» жобалары бойынша бірқатар жұмыстардың жүргізіліп жат­қан­дығына назар аудартты. Сон­дай-ақ отандық телевизиялық операторлар 34 миллион дол­лар­лық бюджет қаржысын шетелдік Жер серіктеріне төлеп келе жат­қандығы тілге тиек етіліп, «Казсат-2» ұшырылымынан кейін бұл мәселе күн тәртібінен түсе­тіндігі көлденең тартылды. Ал «Казсат-3» Жер серігі отан­дық телевизия сигналдарын шетелдерге де жеткізе аларымен бө­ліс­ті агенттік төраға­сының орын­басары. Заң жобасы мақұл­данды. Сол сияқты Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы күрес агентті­гінің (Қаржы полициясы) төр­аға­сы Қайрат Қожамжаров та­ныс­тырған «Қазақстан Респуб­ли­касының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығын енгізу мәселесі бойынша өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу ту­ралы» заң жобасы бірінші оқылымда қолдау тап­ты. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.