• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2010

Заңдарды жүйелендіру жайы қаралды

572 рет
көрсетілді

23 желтоқсанда Президент Әкім­шілігі Басшысының орын­басары Т.Донақовтың төр­ағалы­ғымен Қазақстан Рес­публикасы Президентінің жанындағы Құ­қық­тық саясат жөніндегі кеңес­тің кезекті отырысы болып өтті. Кеңес отырысында ұлттық заңнаманы жүйелендірудің жай-күйі мен келешегіне қатысты мәселелер қарастырылды, Әді­лет министрлігінің 2010-2020 жыл­дар кезеңіне арналған Қа­зақстан Республикасының Құ­қық­тық саясат тұжырымдама­сын іске асыру жөніндегі 2010 жылғы жоспарының орындалуы бойынша жұмыс қорытын­ды­лары туралы есебі тыңдалды. Сондай-ақ кеңес отырысында Құқықтық саясат жөніндегі ке­ңестің ағымдағы жылғы жұмы­сы қорытындыланды және Ке­ңес­тің 2011 жылғы жұмыс жос­парының жобасы мақұлданды. Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің өткізген отырысының ұсыныстары Қазақстан Рес­пуб­ликасындағы заңнаманы және құқық қолдану қызметін әрі қарай жетілдіруде ескерілетін болады. «Егемен-ақпарат».