• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2010

Қазақстан тарабының ұсынысын білдірді

370 рет
көрсетілді

Ыстамбұл қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйы­мына мүше мемлекеттер басшыларының саммиті өтуде. Оған Қазақстан атынан еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қатысуда. Саммитке қатысушыларға ар­нал­ған құттықтау сөзінде Түркия Президенті Абдолла Гүл бұл ұй­ымға мүше мемлекеттердің жер көлемі 7 миллион шаршы ша­қырымды, адамдардың саны 400 миллионды құрайтындығын атап өтті. «Ұйымның әлеуеті орасан зор. Сонау 2005 жылы Астанада өткен сыртқы істер ми­нистр­ле­рі­нің кеңесінде ұйымның 2015 жыл­ға дейінгі тұжырымдамасы қа­былданған болатын. Бұл ма­ңыз­ды қадам болды», деді Абдолла Гүл. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мә­сі­мов Экономикалық ынтымақтас­тық ұйымына мүше елдерге көп­жақты келісімдерді тиімді жүзеге асыру жөнінде ұсыныс білдірді. «Біздің ұйымға қатысушы мем­ле­кеттердің мүддесі, экономикалық даму деңгейі, саяси көзқарасы әртүрлі. Сондықтан көпжақты келісімдерді жүзеге асырудың жаңа тәсілдерін қолдануымыз керек. Біздің ресурстарымызды толық пайдалану үшін бірлескен жоба­ларға назар аударуымыз қажет», деп атап көрсетті Кәрім Мәсімов. Қазақстан Үкіметі басшы­сы­ның айтуынша, ұйымға қаты­су­шы елдердің мәдениеті, тарихы ұқсас. Мұның өзі өзара ынты­мақ­тастықты одан әрі жандандыруға жақсы мүмкіндік береді. «Қа­зақ­стан Экономикалық ынтымақ­тас­тық ұйымына мүшелікке өткен­нен кейін оның күн тәртібіндегі мәселелерді жүзеге асыруға үлес қосуы үшін барлық мүмкін­діктерді қарастырып отыр. Біздің басымдықтарымызды көлік, энер­гетика, ауыл шаруашылығы, қор­ша­ған ортаны қорғау салаларын құрайды», деген Кәрім Мәсімов ұйымға мүше елдерді осы саладағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды. «Егемен-ақпарат».