• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
25 Желтоқсан, 2010

Түркітану мәселелері талқыланды

769 рет
көрсетілді

Мәдениет министр­лі­гі­нің Тіл комитеті Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­­­­­­­­тық университеті Жал­­пы тіл білімі және аударма теориясы кафе­дра­сы­мен бір­­­лесіп, «Жалпы тіл білімі және түркі тіл­дерінің өзекті мәсе­ле­лері» атты ғылыми-теориялық конференция өткізді. Конференцияда Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы Бауыржан Омаров қысқаша сөз сөйлеп, ми­нистрліктің түркі әле­мін зерттеп, насихаттау мақ­сатында көптеген ма­ңыз­ды шаралар ұйымдас­ты­руды қолға алып отыр­ған­дығын айтты. Ғылыми кеңес залында өт­кен бұл алқалы жиында Парламент Сенатының депутаты Ә.Ахметов, Президенттік мә­де­ниет орталығының дирек­то­ры М.Жолдасбеков сынды тіл жанашырлары, сондай-ақ Англия, Қырғызстан, Ресей, Баш­құрт­стан, Татарстан және Түр­кия  елдерінен келген бірқатар ғалымдар баяндама жасап, қа­зір­гі тіл білімі мен түркі­тану­да­ғы өзекті мәселелерді тал­қы­ла­ды. Пленарлық мәжілісте негізгі әңгіме арқауына айналған мәселелердің бірі – қазақ әр­пі­нің кириллицадан латын әліп­биі­не көшуі болды десек, бұл мәселені де көп кешіктіре бермей қолға алу қажеттігі осы жиында кеңінен сөз болды. Конференция жұмысы одан әрі салыстырмалы және ти­по­ло­­гиялық тіл білімінің мәсе­ле­ле­рі және Көне түрік ескерт­кіш­терінің зерттелуі тақы­ры­бында секциялық жұмыс­тар­мен жалғасты. Жұлдыз БАЙДІЛДА.