24 желтоқсаннан бастап 2011 жылдың 4 қаңтарына дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ Жаңа жыл қарсаңындағы мереке күндерін ескере келе, халықтың тасымалға деген сұранысын қанағаттандыру үшін Алматы мен Астана қалалары арасында жүретін Алматы-2-Астана бағытында қатынайтын №35/36 қосымша жүрдек пойызын іске қосады.
Бұл темір жол көлігі мына кесте бойынша жүретін болады:
– 2010 жылдың 24,26,28 желтоқсан күндері мен 2011 жылдың 2 қаңтарында 20 сағат 54 минөтте пойыз Алматы-2 вокзалынан жолға шығады. Астанаға 18 сағат 44 минөтте келеді.
– 2010 жылдың 25,27,29 желтоқсанында және 2011 жылдың 3 қаңтарында пойыз Астанадан 22 сағат 05 минөтте жүреді. Темір жол көлігі Алматы-1 вокзалына сағат 21-ден 38 минөт кеткенде келеді.
Алматы-2-Астана бағытында қатынайтын №35/36 пойыз 11 вагоннан құралған: 7 купелік, 1 СВ-вагон және 3 плацкарт.
Бұл қосымша пойыз мереке қарсаңында және мейрам күндері 3 мыңнан астам жолаушыны діттеген жеріне жеткізуге мүмкіндік береді.
Бұған қосымша, сұраныс көп болатын бағыттарға жолаушылар пойызына қажетінше қосымша вагондар тіркеледі.
«Егемен-ақпарат».