• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
25 Желтоқсан, 2010

«Самұрық-Қазына»: кен-металлургия кешені кереметтерге бейім

557 рет
көрсетілді

Халқымыздың кең пейіліне, ақ­жар­ма ниетіне құдай берген ғой, қа­зақ жерінің қойнауы толған кеніш дерсіз. Еліміз минералдық шикізат қо­рына өте бай, ал бірқатар металдар бо­йын­ша барланған қорлардың кө­ле­мі жөні­нен көшбасшылар онды­ғына кіреді. Сөйте тұра осы метал­дардың әлемдік қа­зып алынуында респуб­ликаның үле­сі аса үлкен емес: елдегі барланған қорларды игеру көлемі 10-15 пайыз ғана. Олай болса, Қазақстан Респуб­ликасының кен-металлургия са­­­ла­­с­ын дамытудың 2010-2014 жыл­дарға ар­нал­ған бағдар­ла­масында атап айтыл­ғандай, мұның өзі индус­трия­мызды одан әрі өрлетудің көптеген өрелі мүмкіндіктерін алға тар­тады. Демек, аса маңызды бұл істің тізгіні соңғы жылдар бедерінде қолда бар­ды ұқсата білетін «Самұрық-Қазына» қо­ры­ның қолына берілуі де үлкен мақ­сат көз­деп, осы орайдағы бірталай келелі мін­­деттердің сәтті шешілуін мең­зесе керек. Қазақстанның бәсекеге қа­білет­тілік танытушы салаларының бірі бола отырып, 2009 жылдың қоры­тын­ды­лары бойынша кен-метал­лур­гия­­лық кешен елдің өнеркәсіп өні­мі­нің 16,9 пайызын өндіргенін, экспорт­тың жал­пы көлеміндегі оның үлесі 19,6 пайыз болғандығын қаперге ал­сақ, биыл бұл көрсеткіштер едәуір өсе түскен. Қа­зақ­стан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы 2015 жылға қарай кен-металлургия кешенін өнімнің өндірілуі мен экспортын екі еселей отырып дамыту міндетін қойды. Шикізат рыноктарындағы қазіргі үрдістер 2010-2020 жылдар аралы­ғын­дағы таяу келешекте жағдайдың тұрақ­тануын болжалдап, кен-метал­лургия кешенінің өнімдеріне сұра­ныс­тың өсу мүмкіндігін паш етуде. Қы­тайдың және басқа дамушы елдер эко­номикасының өсуі, сондай-ақ да­мы­ған елдер эконо­ми­ка­сының қал­пына келтірілуі метал­дар­дың барлық түрлерінің тұтыну көлемі өсуін қам­та­масыз етпек. Алайда неғұр­лым жо­ға­ры бөліністегі өнімдер негізінен мем­лекеттен тысқары жерлерде өн­ді­рі­луде. Мұндай үрдіс эконо­мика­ның кемшін жағын күшейтеді, қо­сым­ша құн­ның елеулі бөлігінен айы­рады, эко­­логиялық ластанудың ұлға­юына жә­не елдегі шикізат қорының аза­юына әкеліп соғады. Міне, осы жа­ғымсыз үрдісті ауыз­дықтау және сала­ны кешенді да­мытуды қамта­ма­сыз ету мақсатында өткен жылдың басында Үкімет қаулы­сы­мен «Са­мұрық-Қазы­на» ұлттық әл-ау­қат қо­ры» АҚ компаниялар тобына кіретін «Тау-Кен Са­мұрық» ұлттық кен ком­паниясы құрыл­ған. Компания ал­ды­на үлкен міндеттер қойылды. Со­лар­дың бір парасы мемлекеттік активтерді топ­тастыру, жер қойнауы байлықтарын пай­далану тиімділігін арттыру, кен ак­тивтерінің құнын өсіру болып табы­ла­ды. Қазір компания аталған міндеттер үдесінен та­былу мақ­сатында Қа­зақстан­н­ың кен-метал­лур­гия сек­торына инвестиция салу жә­не жаңа техноло­гияларды енгізу үшін шетелдік стратегиялық әріп­тестер тарту жөнінде белсенді жұмыс­тар жүр­гізуде. Мысалы, Rio Tinto, POSCO, Vale (CVRD), Anto­fagasta ArcelorMittal Te­mir­tau сияқты компаниялармен келіссөз жүргізіліп, ұйғарымдық ниеттер тура­лы мемо­рандумдарға, басқа да келісімдерге қол қойылды. «Тау-Кен Самұрық» АҚ-тың әзір­ге дайын металл өндіру жө­нін­дегі жоба­лары болмаса да, болашақ­та да­йын ме­талдар ғана емес, со­ны­мен бір­ге одан бұйымдар шығаруға бағ­дар­лан­ған бір­қатар қара және түсті металдар кен орындарын игеруге шетел инвес­тор­ларын тартуды ойлас­ты­ру­да. Айтар болсақ, метал­дық вольфрам және одан бұйым өн­діруге негіз бо­лып табыла­тын ферровольфрам, ферромолибден және вольфрам карбиді тектес қорыт­па­ларды өндіру мақ­са­тында вольфрам-молибденді төмен сапалы кен жы­ныс­­тарын игеру жө­ніндегі жоба әзір­­лену үс­тін­де. Елімізде вольфрам мен оның қо­рытпа­ларының өндірісі жоқ бол­ған­дықтан да, аталмыш жоба­ның метал­лургияны ғана емес, соған қоса осы­нау өнім бастапқы шикізат сана­ла­тын жо­ғары технологиялы сала­ларды дамыту үшін де маңызы зор. «Тау-Кен Са­мұрық» АҚ-тың алдына қо­йылған келелі міндет елдің кен-ме­тал­лургия өнер­кәсібінің тұрақты да­муын қам­та­масыз етуге қатысу арқы­лы Қазақ­стан­ның экономикасы мен оның бәсе­кеге қабілеттілігін арт­­­тыру­ға кө­мек­тесу болып табы­лады. Олай болса, бұл стра­тегиялық дамудың бірнеше кезеңі көзделген. Соның ішінде инвестиция тарту кезеңі 2010-2013, пайдалану кезеңі 2013-2018 жылдар және құнның өсу кезеңі 2015-2020 жылдар аралы­ғын қам­тиды. Инвести­циялық кезең­дегі стр­ате­гияға сәйкес Компания тар­тым­ды кен орындарын дайын­дауды іске асырып, өндірістік нысан­дар­дың, соның ішінде кеніш­тердің, кен байыту фабрикалары мен метал­лур­гиялық кә­сіп­орындардың құ­ры­лыс­тарын бастай­ды. Пайдалану ке­зе­­ңін­де тиімділігі жо­ғары иннова­ция­лық технологияларды қолдана оты­рып, шикізатты қазып алу және өңдеу орайындағы жобалық қуат­тарға шы­ғу жоспарланған. Ал, жаңа бөліністерге шығуды компания дамудың үшінші кезеңіне ың­ғайластырып отыр. Бұл кезде өнер­кәсіптің әртүрлі металдық сала­ла­ры үшін шикізатты тереңдеп өңдеудің жә­не жоғары технологиялы өнім өнді­ру­дің технологиясы енгізілмек. Со­нымен қатар Компания бірінші кезең­де жаңа бөліністерді игеру және қо­сылған құны жоғары өнімдер шығару ескерілген жобаларды да ойлас­тыру­да. Осы мақ­сатта «Тау-Кен Са­мұрық» АҚ өздерін әлемдік на­рықта жаңа технология­лар­дың жар­шылары ретінде танытқан Outetec, Bateman, Hatch, NBL Gold жә­не басқа ха­лық­аралық инжинирингті ком­пания­лар­мен ынты­мақтастықты өріс­тете тү­суде. Сондай-ақ «Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Мине­ралдық шикізаттарды кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орта­лығы» кәсіп­орнымен, Ж.Әбішев атын­­дағы хи­мия-металлургиялық институ­ты­мен, «Жер, металлургия және кен ба­йыту туралы ғылымдар орталығы» АҚ-пен және басқалармен бірлесе, отан­дық ғылым әлеуетін пайдалану жөнінде ықтиятты жұмыстар жүр­гізілуде. Қазіргі уақытта «Тау-Кен Са­мұрық» АҚ жаңа бөліністерді игеруді және қосылған құны жоғары өнім­дер өндіруді көздейтін жобаларды әзір­леуде. Осы реттегі инвестиция­лық жобалар аясында кен жыныс­тары­нан ме­тал­дарды кешенді түрде алуға баса на­зар аударылуда. Соны­мен қатар бү­гін таңда техногенді минералдық тү­зі­лім­дерді барлау және олардан металл алу жөніндегі жобалар да әзір­ленуде. Бұл өз кезегінде еліміздегі экология­лық жағ­дайды жақсартуға септігін тигізбек. Кен-металлур­гия­лық активтерді тиімді басқарудың да ма­ңы­зы зор. Ендеше, нақ осы мақ­сатта еліміздегі кен және металлургия активтерін біріктіретін жоғары­лы-тө­менді инте­гра­ция­ланған холдинг құру ұйға­рылып отырғандығы көңілге үміт ұялатады. Демек, алда­ғы жылдарда саланы да­мытудың негізгі мін­деті металлургия өнеркәсі­бі­нің жа­ңа өң­деуші өндіріс­терін кезең-кезеңі­мен құру бо­луы тиіс. Бұл кә­сіпорын­дар­да жоғары техно­логиялы өндірісті ұлғайтуды жә­не сырт­қы ры­ноктарға экспорттың ке­ңейтілуін қам­­тамасыз ететін, сондай-ақ ішкі рынок сұра­ны­сын да қана­ғат­тандыратын, қо­сыл­ған құны жоғары өнім шығары­луы керек. Кен-метал­лургия саласы­ның түйткіл­дерін шешіп, жұмысын өрге бастырып, өрісін кеңейтуді «Самұрық-Қазына» өз қо­лы­на алғалы бірталай игілікті істер ат­қарылып, келешек сұлбасы жақсы қы­рынан көрін­гендей. Мемлекеттік қол­дауға ие бол­ған жобалық шаралармен қанат­тан­ған кешеннің келешегі кемел бола­тын­дығына, оның кереметтерге бе­йімділігіне біз де сенеміз. Қорғанбек АМАНЖОЛ.