• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Желтоқсан, 2010

Жылжымалы көлік бекеттері көбеюде

762 рет
көрсетілді

Таяуда Астана қаласының «Қы­­зылжар» көліктік бақылау бекетінде аумақтық инспекцияларға 16 жыл­жымалы көлік бақылау бекеттерін тапсырудың рәсімі өтті. Атал­ған бекеттерді енгізу тасымалдау қауіпсіздігін арттыру және еліміз­дің барлық аумағында көліктік ба­қылауды қамтамасыз ету қауіпсіз­ді­гі­нен туындаған. Жылжымалы көліктік бақылау бекеттерінің жалпы қолда­ныс­та­ғы автомобиль жолдарында, қала­лар мен өзге де елді мекендер шегінде, сондай-ақ стационарлық кө­лік­тік бақылау бекеттерінен тыс жерлерде автокөлік құрал­да­рын тоқтату құ­қығы бар. Қазіргі таңда респуб­ли­каның автомобиль жолдарында 25 көліктік бақылау бекеттері 80 бағыт бойынша көліктік бақылауды жүзеге асырса, жоғарыда айтылған 16 жылжымалы бекетке қосымша келесі жылы тағы 8-ін сатып алу жоспарланып отыр. Аталмыш кө­лік­терді сатып алуға республика­лық бюджеттен 255 млн. теңге қа­ра­жат жұмсалыпты. Жылжымалы бекет «Хюндай» маркалы автомобильдің негізінде жа­салып, навигация жүйесімен, сыртқы және ішкі бақылау, ар­найы бағдарлама мен электронды тара­зы, түтін өлшегіш, газтал­дауыш секілді өзге де бақылау-өл­шеу құрыл­ғыларымен жабдық­талған. Сондай-ақ автокөлік құ­ралдарын бірнеше рет тексеруді болдырмау, сыбайлас жемқорлық сипаттағы заң бұзу­шылықтарға жол бермеу мақ­са­тында жыл­жы­малы бекеттер Көлік­тік бақылау комитеті бекіткен кестелер мен бағыттар бойынша жұ­мыс істеп, онлайн режімінде бақы­ланып отырмақ. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.