• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығы №85 3 

376 рет
көрсетілді

2015 жылғы 9 қараша, Астана қаласы Адамдардың көлік құралдарын басқаруына тыйым салатын медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Адамдардың көлік құралдарын басқаруына тыйым салатын медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.ДҮЙСЕНОВА. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы №853 бұйрығымен бекітілген Адамдардың көлік құралдарын басқаруына тыйым салатын медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесі № Қарсы көрсетілімнің атауы АХЖ-10 бойынша аурулардың коды* 1. Көлік құралдарын басқаруға абсолютті медициналық қарсы көрсетілімдер 1.1 Психикалық бұзылушылықтар және мінез-құлық бұзылушылықтары (ауыр тұрақты немесе жиі ушығатын ауырсыну пайда болулары бар созылмалы және ұзақ психикалық бұзылушылықтар болған кезде) 1. Симптоматикалық қоса алғандағы психиканың органикалық бұзылулары (суб- және декомпенсация сатысында) F00-03, F05.1, F06.0-F06.2, F07.0, F07.8 2. Шизофрения, шизотипті және сандырақтық бұзылулар F20 – F29 3. Көңіл-күйдің бұзылуы [аффективтік бұзылулар] F30.1 - F31.6, F31.8, F31.9, F33.0 - F33.9, F34.8, F34.9, F38-39 4. Кемел шақта тұлғалық мен мінез-құлықтың бұзылуы F60.2- F60.3 5. Ақыл кемдігі F70 – F79 1.2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолданумен байланысты психиканың бұзылулары мен мінез-құлықтың бұзылулары (диспансерлік бақылаудың белгіленген мерзімінен кемінде 2 жыл ремиссия мерзімімен) 1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолданумен байланысты психиканың бұзылулары мен мінез-құлықтың бұзылулары F10 – F16, F18, F19 1.3 Нерв жүйесі аурулары 1. Эпилепсия G 40 1.4 Көз және оның қосалқы аппаратының аурулары 1. Ахроматопсия H53.51 2. Екі көздің соқырлығы Н54.0 2. Көлік құралдарын басқаруға салыстырмалы медициналық қарсы көрсетілімдер 2.1 Қолмен басқарылатын көлік құралын басқарған кезде 1. Қозғалысын айтарлықтай қиындататын табан деформациясы M21.0, M21.1, M21.6, Q66 2. Аяқтардың (аяқта сүйек, жұмсақ тіндер мен буындар ақаулары жоқ, қозғалыс көлемі сақталған, өкше сүйегінен санның үлкен ұршығының басына дейінгі аяқтың ұзындығы 75 см астамды құрайтын жағдайларды қоспағанда) кемінде 6 см қысқаруы Q72- Q73 3. Екі санның ампутациялық сынық бөліктері S78, T13.6, Z89.6 4. Екі жіліншіктің ампутациялық сынық бөліктері S88, T13.6, Z89.5 5. Басқа аяқтың қозғалу және статистикалық функциялары айтарлықтай бұзылған кездегі бір аяқтың санының немесе жіліншігінің сынық бөліктері (табанның ампутациялық сынық бөліктері, деформация, қан тамыр аурулары, ірі перифериялық жүйке діңдерінің зақымдануы және басқалары) S78, S88, T13.6, Z89.6, Z89.4 (S98.0, S94, S95, Z89.4) 6. Тұруды және жүруді айтарлықтай қиындататын аяқтың, санның немесе омыртқаның тұрақты деформациясы немесе ауруы (аяқтың анкилоздаушы полиартриті, ауыр кифосколиоз және компрессиялардың пайда болулары бар спондилит, псевдоартроз, II және III дәрежелі эндартериит, шораяқ және басқалары.) M15, M16, M24.6, M41, M45, M46, M47, M48, M84.1, M96.0, I77.6, I89.0, Q76.2, Q82.0 7. Паралич және отыру мүмкіндігі кезіндегі аяқтың кесілуі G81- G83 8. Айтарлықтай торфикалық бұзлушылығы бар бір аяқтың жүйке-қантамыр түйінінің зақымдануы (ауқымды жазылмайтын ойықжаралар) L98.4, L97, I83.0, G95 2.2 Автоматты трансмиссиясы бар көлікті басқару кезінде 1. Қолдың немесе білезіктің болмауы Q71, Z89.0-Z89.3, S48, S58, S68, T11.6 2. Аяқтың немесе табанның болмауы Q72, Z89.4-89.7, S78, S88, T13.6 3. Білезіктің немесе табанның қозғалуын біршама қиындататын білезіктің немесе табанның деформациясы M21, Q68.1, Q70, Q66 4. Бір уақытта қолдың біреуінің болмауы кезінде санның немесе жіліншіктің сынық бөліктері S78, S88, Q71, Z89, S48, S58, S68 5. Мынадай саусақтардың немесе бөліктерінің болмауы, сондай-ақ мынадай саусақтардың қозғалмауы: а) білезіктердің біріндегі үлкен саусақтың екі бөлігінің болмауы б) білезіктердің бірінде екі немесе оданда көп саусақтардың болмауы немесе қозғалмауы Q71.3, S68.0, S68.2, Z89.0 6. Гемиплегия түріндегі орталық жүйке жүйесінің зақымдалуының қалдық пайда болулары G81 2.3 Акустикалық тұрақ жүйесімен жабдықталған көлік құралын басқару кезінде 1. Бір көздің соқырлығы H54.4 2.4 Көлік құралын жүргізуші көзді түзетуге арналған медициналық бұйымдарды пайдалана отырып, көлік құралын басқарған кезде 1. Рұқсат етілген деңгейге дейін көзілдірікпен немесе контактілі линзалармен көз өткірлігін арттыру жағдайы кезінде көз өткірлігін рұқсат етілген деңгейінен төмендететін рефракцияның ауытқулары H52 2.5 Көлік құралын жүргізуші естуден айрылуды қалпына келтіруге арналған медициналық бұйымдарды пайдалана отырып, көлік құралын басқарған кезде 1. Рұқсат етілген деңгейге дейін техникалық оңалту құралдарын (есту аппаратын, сөйлеу процессорын) пайдалана отырып, естуді жақсарту жағдайы кезінде естуді рұқсат етілген деңгейінен төмендететін құлақ және емізік тәрізді өсіндінің ауруы H90, H91 3. Көлік құралдарының тиісті санаттарын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдер 3.1 «В» немесе «ВЕ» санатындағы, мотоциклеттік орындығы немесе мотоциклеттік типтегі рулі бар «А1» немесе «В1» кіші санатындағы көлік құралдарын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдер 1. Көз өткірлігі жақсы көретін көзде 0,6 төмен және түзету түріне (көзілдірікті, контактілі, хирургиялық) дәрежесіне және көз аметропиясының немесе ұзындығының түріне қарамастан 2 бірдей ашық көз кезінде ауыстырылатын түзетуі бар нашар көретін көзде 0,2 H52 2. Түзету түріне (көзілдірікті, контактілі, хирургиялық) дәрежесіне және көз аметро-пиясының немесе ұзындығының түріне қарамастан көретін көздегі ауыстырылатын түзетуі бар 0,8 төмен көз өткірлігі кезіндегі бір көздің соқырлығы H54.4 3. Көздің мүйізгек қабығына рефракциялық операциядан кейінгі немесе дәрежесіне және көз аметропиясының немесе ұзындығының аяқталуы түріне қарамастан асқынулар болмаған кезде бір ай бойы басқа да рефракциялық операциядан кейінгі жағдай H52 4. Көру функциясының айтарлықтай бұзылуымен сүйемелденетін көз қарашығының созылмалы ауруы, қастардың, оның ішінде шырышты қабықтарының тұрақты өзгеруі, көруге кедергі келтіретін немесе көз алмасының қозғалысын шектейтін қас бұлшық еттерінің тыртығы H30, H31, H34, H35 5. Кез келген этиологиядағы қылилық салдарының тұрақты диплопиясы H53.2 6. Қарашықтар ортаңғы жағдайдан 70 градусқа ауытқыған кездегі кенеттен болған нистагам H55 7. Меридиандардың кез келгенінен 20 градусқа артыққа көру алаңын шектеу H53.4 8. Бір қолдың немесе аяқтың, білезіктің немесе табанның болмауы, сондай-ақ білезіктің немесе табанның қозғалуын айтарлықтай қиындататын білезіктің немесе табанның деформациясы Q71, Z89.0-Z89.3, S48, S58, S68, T11.6, Q72, Z89.4-89.7, S78, S88, T13.6, M21, Q68.1, Q70, Q66 9. Мынадай саусақтардың немесе бөліктерінің болмауы, сондай-ақ мынадай саусақтардың қозғалмауы: а) білезіктердің біріндегі үлкен саусақтың екі бөлігінің болмауы б) білезіктердің бірінде екі немесе одан да көп саусақтардың болмауы немесе қозғалмауы Q71.3, S68.0, S68.2, Z89.0 10. Аяқтардың кемінде 6 см қысқаруы (куәландырылатындар егер, аяқта сүйектің, жұмсақ тіндер мен буындардың ақаулары болмаса, қозғалыс көлемі сақталса, өкше сүйегінен санның үлкен ұршығының басына дейінгі аяқтың ұзындығы 75 см астамды құраса көлік құралдарын басқаруға жарамды деп танылады) Q72- Q73 11. Вестибулярлы анализатор функциясының, бас айналу немесе нистагм (Меньер ауруы, либиринтит, кез келген этиологиядағы вестибулярлы криз және басқалары) синдромының бұзылуын туындататын кез келген этиологиядағы ауру H81, H82, H83 3.2 «В» немесе «ВЕ» санаттағы, «В1» кіші санаттағы көлік құралдарын (мотоциклеттік орындығы немесе мотоциклеттік типтегі рулі бар көлік құралдарынан басқа) басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдер 1. Көз өткірлігі жақсы көретін көзде 0,6 төмен және түзету түріне (көзілдірікті, контактілі, хирургиялық) дәрежесіне және көз аметропиясының немесе ұзындығының түріне қарамастан 2 бірдей ашық көз кезінде ауыстырылатын түзетуі бар нашар көретін көзде 0,2 H52 2. Көздің мүйізгек қабығына рефракциялық операциядан кейінгі немесе дәрежесіне және көз аметропиясының немесе ұзындығының аяқталуы түріне қарамастан асқынулар болмаған кезде бір ай бойы басқа да рефракциялық операциядан кейінгі жағдай H52 3. Көру функциясының айтарлықтай бұзылуымен қатар жүретін көз қарашығының созылмалы ауруы, қастардың, оның ішінде шырышты қабықтарының тұрақты өзгеруі, көруге кедергі келтіретін немесе көз алмасының қозғалысын шектейтін қас бұлшық-еттерінің тыртығы H30, H31, H34, H35 4. Кез келген этиологиядағы қылилық салдарының тұрақты диплопиясы H53.2 5. Қарашықтар ортаңғы жағдайдан 70 градусқа ауытқыған кездегі кенеттен болған нистагм H55 6. Меридиандардың кез келгенінен 20 градусқа артыққа көру алаңын шектеу H53.4 7. Екі қолдың немесе білезіктің болмауы немесе білезіктердің қозғалуын айтарлықтай қиындататын олардың деформациясы Q71, Z89.0-Z89.3, S48, S58, S68, T11.6, Q72, Z89.4-89.7, S78, S88, T13.6, M21, Q68.1, Q70, Q66 8. Параплегия түріндегі орталық нерв жүйесінің зақымдалуының қалдық пайда болулары G82.0, G82.1, G82.2, G83.0, G83.2 9. Вестибулярлы анализатор функциясының, бас айналу немесе нистагм (Меньер ауруы, либиринтит, кез келген этиологиядағы вестибулярлы криз және басқалары) синдромының бұзылуын туындататын кез келген этиологиядағы ауру H81, H82, H83 3.3 «С» , «СЕ», «D», «DE», «Tm» немесе «Tb» санатындағы, С1»*, «D1», «С1Е» немесе «D1Е» кіші санатындағы көлік құралдарын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдер 1. Көз өткірлігі жақсы көретін көзде 0,8 төмен және аметропия түріне немесе түзету түріне (көзілдірікті, контактілі) қарамастан жақсы көретін көздегі жоғары эквивалиент бойынша 2 бірдей ашық көз кезінде 8 дптр аспайтын ауыстырылатын түзетуі бар нашар көретін көзде 0,4 H52 2. Көз қарашығының көру өткірлігіне қарамастан бір көздің соқырлығы H54.1 3. Көздің мүйізгек қабығына рефракциялық операциядан кейінгі немесе дәрежесіне және көз аметропиясының немесе ұзындығының аяқталуы түріне қарамастан асқынулар болмаған кезде бір ай бойы басқа да рефракциялық операциядан кейінгі жағдай H52 4. Көру функциясының айтарлықтай бұзылуымен қатар жүретін көз қарашығының созылмалы ауруы, қастардың, оның ішінде шырышты қабықтарының тұрақты өзгеруі, көруге кедергі келтіретін немесе көз алмасының қозғалысын шектейтін қас бұлшық-еттерінің тыртығы H30, H31, H34, H35 5. Кез келген этиологиядағы қылилық салдарының тұрақты диплопиясы H53.2 6. Қарашықтар ортаңғы жағдайдан 70 градусқа ауытқыған кездегі кенеттен болған нистагм H55 7. Меридиандардың кез келгенінен 20 градусқа артыққа көру алаңын шектеу H53.4 8. Қолдың немесе білезіктің болмауы Q71, Z89.0-Z89.3, S48, S58, S68, T11.6 9. Аяқтың немесе табанның болмауы Q72, Z89.4-89.7, S78, S88, T13.6 10. Білезіктің немесе табанның қозғалуын қиындататын білезіктің немесе табанның деформациясы M21, Q68.1, Q70, Q66 11. Мынадай саусақтардың немесе бөліктерінің болмауы, сондай-ақ мынадай саусақтардың қозғалмауы: а) білезіктердің біріндегі үлкен саусақтың екі бөлігінің болмауы б) білезіктердің бірінде екі немесе оданда көп саусақтардың болмауы немесе қозғалмауы Q71.3, S68.0, S68.2, Z89.0 12. Параплегия түріндегі орталық жүйке жүйесінің зақымдалуының қалдық пайда болулары G81, G82.0, G82.1, G82.3, G83.0 13. Аяқтардың кемінде 6 см қысқаруы (куәландырылатындар егер, аяқта сүйектің, жұмсақ тіндер мен буындардың ақаулары болмаса, қозғалыс көлемі сақталса, өкше сүйегінен санның үлкен ұршығының басына дейінгі аяқтың ұзындығы 75 см астамды құраса көлік құралдарын басқаруға жарамды деп танылады) Q72- Q73 14. Жарақаттық деформациялар және айқын неврологиялық симптомдары бар бас сүйегінің ақаулары M95.2, T90 15. Сөйлеу сөзінің кемінде 3 м ара қашықтықтан, сыбырдың – естудің жоғалуын қалпына келтіру тәсіліне қарамастан 1 м немесе одан аз ара қашықтықтан бір немесе екі құлаққа жетуі. H90.6, H90.7, H90.8, H93.2, H83.3 16. Вестибулярлы анализатор функциясының, бас айналу немесе нистагм (Меньер ауруы, либиринтит, кез келген этиологиядағы вестибулярлы криз және басқалары) синдромының бұзылуын туындататын кез келген этиологиядағы ауру H81, H82, H83 17. Бойы 150 см төмен Ескертпе: *Аурулар және денсаулықпен байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жіктемесі (10-қайта қарау). Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 8 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12365 болып енгізілді.