• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2016

Байыпты байлам, бағалы бағдар

372 рет
көрсетілді

Елбасы – «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партия

съезіндегі баяндамасы туралы отандастарымыздың ортақ ойы осындай

Жаңа бағыт, жаңа идея керек

Нұржан ТҮСІПОВА, Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының төрайымы. Алдағы уақытта Қазақстан Парламенті Мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлау өткізілмекші. Қазіргідей саяси-эко­номикалық жағдайға байланысты бұл науқанды өткізу өте орынды әрі маңызды деп есептеймін. Себебі, бізге жаңаша бағыт-бағдар, жаңаша идеялар керек, ал ол үшін Мәжіліс депутаттығына жаңаша жұмыс істей алатын білікті де білімді азаматтарды сайлауымыз қажет. Менің ойымша, құрамы жаңадан жасақталатын Парламентте тек қана жастар, я болмаса, тек қана жасы егде азаматтар болмай, белгілі бір тепе-теңдік сақталғаны жөн. Әр салада жұмыс істеп жүрген жалынды жастардың немесе орта буынның көзқарастары, ойлау жүйесі әртүрлі болғанымен, олардан тәжірибе талап еті­леді. Мәселен, «Болашақ» бағ­дарламасымен шетелден оқып келген жас­тар туралы айтар болсақ, олар біздің ішкі өмірімізді көп біле бермейді деп ойлаймын. Неге? Себебі, олар 5-6 жыл бойы шетелде оқып жүрді, өзге қоғамның өміріне бейімделіп қалды. Менің өзімнің немерем де 3 жыл Ұлыбританиядағы колледжде оқып, Қазақстанға оралған болатын. Кейін осында біраз қызмет етіп, қайтадан Мәскеу қаласына оқуға кетті. Көрдіңіз бе? Қазіргі жастар әлі де оқығысы, жетілгісі, біліктілігін арттырғысы келеді. Әрине, олардың креативті ойлау жүйе­сі мемлекетімізге қажет. Сон­дықтан, еліміз қандай да бір өзгеріске қадам баспас бұрын, кез келген мәсе­лені жан-жақты сүзгіден өткізіп, сараптап, сұ­рып­тауы қажет. Демек, наурыз айында өтетін сайлауға өз ісінің білгірлері мен мамандары кандидат ретінде ұсынылып, егер, өтіп жатса, мем­лекетіміздің алға жылжуына үлес қос­са екен деген шынайы тілек-ниетіміз бар. Біздің алдымызда тұрған міндет –   Елбасының бес институттық реформасын, оны жүзеге асыруға сеп болатын «100 нақты қадамды» іске асыру. Мәселен, біздің Кәсіподақтар орталығы бұл бағытта үлкен жұмыстар атқарып жатыр. Былтырғы жылдың қараша айында жаңадан Еңбек кодексі қабылданғаны белгілі. Содан бері жаңа кодексті жұмыс берушілерге түсіндіріп, жеткізіп келеміз. Жаңа кодексте олардың құқықтары жақсы көрсетілген. Ал сол жұмысшылардың құқықтарын қорғау – кәсіподақ ұйымдарының міндеті. Бүгінде Шығыс Қазақстанда 165 мың адам – кәсіп­одақ мүшесі. Ал республика бойынша 2 миллионнан астам кәсіподақ мүшелері бар.

Кәсібилер ғана сапалы заң қабылдайды

Алдан СМАЙЫЛ, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Парламент Мәжілістің жаңарып отыруы заңды процесс. Соңғы шақырылымдағы емес, бесінші шақырылымдағы Мәжіліс депутаттары да саяси жағдайды ескере отырып, өзінің қызметін мерзімінен бұ­рын тоқтатқан еді. Осы жолы да солай болды. Қазір әлемді тұрақсыздық билеп, дамыған елдердің өзінде экономиканың аз да болса төмендеуі байқалады. Оған мұнай бағасының арзандауы да өзінің залалын тигізіп отыр. Шын мәнісінде, бұл Мәжіліс сияқ­ты заң шығарушы органның жаңаруын қажет етеді. Бүгінгі өткен «Нұр Отан» партия­сының кезектен тыс XVII съезінде өзекті мәселенің бәрі жан-жақты талқыланды. Уақыт талабынан туындап отырған проблемаларды еңсеруге қатысты сайлауалды бағдарлама қабылданды. Ал съезде жарияланған партиялық тізімге қарайтын болсақ, алдағы Мәжіліс сайлауына тәжірибелі жаңа адамдар ұсынылып отырған сияқты. Жалпы, Мәжіліс депутаты заң шығаратын адам болғандықтан өзінің кәсіби саласын жақсы білуі керек. Инженер өз сала­сын, мұнайшы өз саласын, ауыл шаруашылығы маманы өз саласын терең білуі тиіс. Өйткені, заңның барлығы сала-сала бойынша қабылданады ғой. Мысалы, шаруа қожалығы туралы заң болуы мүмкін, мұнай саласына қатысты заң болуы ықтимал. Білім саласын дамытуға байланысты заң болуы мүмкін. Міне, сол кезде саланы жетік білген кәсібилер ғана сапалы заң қабылдай алады. Бұл біріншіден. Ал екіншіден, белгілі бір заң жобасын қараған сәтте басқа елдердің тәжірибесін, заңының ерекшеліктерін зерттеп, елеп-екшей білуі қажет. Қазақстан енді ғана даму жолына түскен ел болған соң дамыған елдердің тәжірибесін, оның ішінде, заң шығарушылық саладағы тәжірибесін меңгеруге тиістіміз. «Нұр Отан» партиясы сайлау додасына қосып отырған үміткерлер арасында осындай білікті жандар көп қой деп үміттенемін.

Елбасы шешімі – өте дұрыс шешім

Атсалим ИДИГОВ, «Огни Алатау» облыстық газетінің бас редакторы, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі. Әуелі Парламент Мәжілісінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу мәселесіне тоқтала кетейін. Мәжіліс депутаттарының бастамасына орай Елбасының қабылдаған шешімі өте дұрыс болды. Бір жағынан қазір дағдарыс белең алып тұр. Осындай кезеңде елді біріктіретін фактор болу керек. Екіншіден, сайлау халықты біріктіретін, ынтымаққа үндейтін фактор болып табылады. Үшін­шіден, сайлауды жыл аяғын­да өткізетін болсақ, нағыз дағдарыстың шырқау шегіне жеткен кезеңіне барып тіре­летін едік. Ол кезде сайлау қаржылық жағынан да шы­ғынды көп талап етуші еді. Сол себепті, Елбасының қа­был­даған шешімі дұрыс деп есептеймін. «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезі алдағы сайлауға дайын­дық қой. Съездің күн тәр­тібінде екі мәселе қаралды. Бірінші – партияның сайлауалды бағдарламасын қабылдадық. Екін­ші – алдағы Парламент Мәжі­лісіне сайлауға қатысатын партиялық тізімді бекітіп, яғни үміткерлерді іріктедік. Бұдан басқа алқалы жиында партияның сайлауалды стратегиясы мен тактикасын айқындадық. Алдағы уақытта не істейміз, алдымызға қойған мақсат-міндеттер қандай, оған жету үшін не істеуіміз керек, қысқасы, көпті толғандырған мәсе­ле­лерді талқыладық. Сөйтіп, күн тәрті­біндегі мәселелерге сай шешім қабыл­данды. Елбасы дағдарысты тек күшті халық қана еңсеріп шығады деп айтқан еді ғой. Мәң­гілік Ел боламыз деп жатырмыз, ол үшін рухы­мыз күшті болуы керек. Президент айт­қандай, бізді осындай қиын кезең одан са­йын біріктіре түседі. Дағдарыстан шығып қана қоймай, одан шыңдалып, мықты болып шыға­тынымызға сенімім мол. Алдағы сай­лау ел­дігімізді танытатын тағы бір белес болмақ.

Жастар үшін мүмкіндіктер кезеңі

Айдын СӘБИТОВ, «Қазақстан жастары конгресінің» атқарушы директоры. Қазіргі таңда Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу өте маңызды шешім. Оны дүние­жүзінде болып жатқан жағдайлармен, әлемді шар­лаған дағдарыспен де байла­ныстыруға болатын секілді. Жаңадан жасақ­талатын Парламент Мәжі­лісі депутат­тарының арасында жастар өкілдерінің болғаны да жөн деп есептеймін. Неге? Себебі, жастар өте жылдам, креативті ойлайды, тез шешім қабылдайды, жаңа саяси науқандарға тез бейім­деледі. Сондықтан, оларды елі­міздің саяси өміріне тартып, араластыруымыз керек. Мәселен, олардың қатарында «Болашақ» бағдарламасымен білім алып келген азаматтардың болғаны да маңызды. Өйткені, олар шетелде оқып, Батыстың жаңа технологияларын көріп, сол жақтың білім нәрімен сусындап келді. Сондай-ақ, өзімізде, яғни Қазақстанда білім алған ұлтжанды азамат­тардың да жаңа реформаларды жүзеге асырудағы көзқарастары ерекше болуы мүмкін. Демек, ынта-жігері, біліктілігі бар кез келген азамат өзін кандидат ретінде тіркеуге мүм­кіндігі бар деп ойлаймын. Қазіргі таңда «Қазақстан жастары конгресінің» міндеті – ол елі­міздегі жас­тардың басын біріктіру. Олар­дың ойын, жобаларын мемлекетке жеткізу, сәйкесінше, мемлекеттік жобаларды жастарға жеткізу. Біз жастар мен мемлекет арасындағы көпір болғымыз келеді. Өткен жылы осы бағыттарда үлкен жұмыстар атқарылды. Олардан бөлек, біз халықаралық іс-шараларға да қатысамыз. Жалпы, Қазақстан бойынша 100-ден астам ұйым «Қазақстан жастары конгресіне» мүше.

Біліктілік пен кәсібилік сараланар шақ

Сәттар ҚУАШБАЙ, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәсли­хатының депутаты. Мен «Нұр Отан» пар­тиясының XVII съезіне Оң­түстік Қазақстан облысының Шымкент қаласынан арнайы делегат ретінде келдім. Жалпы, 20 наурызда өтетін Парламент Мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлау дер уақытында өтікізілгелі отыр деп ойлаймын. Оған бір жағынан, қазіргі жаһандық геосаяси жағдайдың тұрақсыздығы және мұнай бағасының төмендеп кетуі сеп болып отыр. Ал ол біздің мемлекетімізге де өз әсерін тигізуде. Сол себепті, жаңадан жасақталған Парламент Мәжілісі депуттары ел экономикасын дамытуға хал-қадерінше ықпал етеді деген сеніміміз бар. Әрине, мұндай дағдарыстар бұрын да болған. Олар келеді де кетеді. Алайда, біз оған «бірлігі мен ынтымағы жарасқан» ел ретінде күш біріктіру арқылы ғана төтеп бере аламыз. Негізінен, Парламентке білімді де, білікті жастар да, тәжірибелі мамандар да келуі керек. Біз олардың әлеуетін пайдалануымыз керек. Мемлекетіміз алдағы уа­қыт­та үлкен реформаларды жүзеге асыруы керек. Солардың бірі – Ұлт Жоспары. Ал сол Ұлт Жоспарын нәтижелі іске асыру үшін бізге экономикалық тұрғыда да, заңдық тұрғыда да кеңінен, тереңнен ойлай алатын азаматтар қажет. Сондықтан, 20 наурызда өтетін сайлауға кандидат ретінде білікті азаматтар сайланып, олар өз кезегінде еліміздің қиындықтардан аман-есен өтуіне ықпал етсе деп ойлаймыз.