• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2016

Бангладеште екі қолына 5 кило сүйел өскен жігітке ота жасалады

1289 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 3 ақпан. Бангладеште табиғи жаратылысы ерекшелігімен көзге түскен Абул Баджандар есімді азаматқа ота жасалады. Бұл туралы «Синьхуа» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Бангладеште қол саусақтарының орнына ағаш тектес сүйел өскен жігіт туралы осыған дейін талай рет хабарланған. Күні бүгінге дейін Абулдың екі қолына өскен сүйел мен тырнақтың салмағы 5 килограмға жетті. Енді дәрігерлер іс-қимылсыз, харакетсіз қалған науқас жанның келісіміне орай оның екі қолына ота жасап, сүйелді кесетін болды. Талғат Сүйінбай. Дерек: «Синьхуа» Сурет: cri.cn