АСТАНА. 3 ақпан. Боливияның батысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 8 адам қаза тапты. Сондай-ақ, 37 жолаушы түрлі жарақат алды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Мерт болғандардың арасында 10 айлық сәби де бар. Апат Потоси мен Оруро департаменттері арасындағы жол бойында болды. Құқық қорғау органының қызметкерлері оқиға орнында тергеу жұмыстарын жүргізуде. Ереуілшілердің әрекетінен жүргізуші әдеттегі жолын айналып өтіп кетпек болған. Осы сәтте автобус аударылып кеткен деген болжам жасалды.
Айта кетейік, Боливияда жол ережесін сақтамағандықтан орташа есеппен жылына 1 мың адам қаза тауып, 40 мыңнан астамы түрлі жарақат алады.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Сурет: pravda.ru.