• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2016

Ресейге полигондар үшін жалға берілген жерлер қайтарылады

346 рет
көрсетілді

АСТАНА. 3 ақпан. Ресейге әскери полигондар үшін жалға берілген жерлер қайтарылады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Өткен жылы 16 сәуірде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі төрт хаттамаға қол қойған болатын. Соған сәйкес Жамантау, Сарышаған және Тайсойған сынама полигондарының пайдаланылу мен жалға берілу тәртібі өзгерді. Бұған дейін Ресейд Қазақстанның 11 миллион га жерін жалға алған еді. Енді сол жерде орналасқан әскеир полигондар жалға берілуден шығарылып, Қазақстан аумағына 1,6 миллион га жер телімі берілді. Мұнда пайдалы қазбалардың коммуникациялары мен кен орны орналасқан.  Жалға берілуден шығарылған әскери полигондардың жер телімдері Қазақстанның экономикалық мүддесінде пайдаланылатын болады. Қайтарылатын жер телімдерінде пайдалы қазбалар бар. Жер телімдерінің бір бөлігі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көліктік дәліздің құрамына кіретін «Самара-Шымкент» автомобильді жолын салуға кетеді. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.