ҚЫЗЫЛОРДА. 3 ақпан. 2016 жылдың қаңтар айында облыс бойынша 2 адам суға кеткен. Жалпы түрлі оқиғалар барысында құтқарушылар 8 адамның өмірін құтқарып қалды. Бұл туралы seуkhyninfo.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.
«Қыс басталысымен облыс су айдындарында балық аулайтындардың саны арта түседі. Осы ретте көбінесе адамдар қарапайым ғана қауіпсіздік ережесі қағидаларын сақтамағандықтан қайғылы жағдайларға ұшырап жатады», дейді мамандар.
Ержан Байтілес.
Дерек, сурет: egemen.kz