• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2016

Оңтүстікте инфляция 13,2 пайыз болып тұр

213 рет
көрсетілді

ШЫМКЕНТ. 3 ақпан. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев өткен жылы Қазақстанда жылдық инфляция 13,6 пайызға жеткенін, ал, Оңтүстік Қазақстан облысында 13,2 пайыз болғанын айтты. «Бұл іс жүзінде республикалық деңгейге сәйкес келеді», деді ол. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 2015 жылдың қорытындысы бойынша бағаның барынша өсуі Оңтүстік Қазақстан облысында азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша 21,1 пайыз болып тіркелді. Азық-түлік тауарлары 10,3 пайызға, ақылы қызмет көрсету 8,8 пайызға қымбаттады. Ұлттық банктің  ақпаратына сәйкес 2016 жылғы қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында инфляция 1,2 пайыз болды. Салыстырмалы түрде айтсақ, азық-түлік тауарларының бағасы 1,2 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 0,8 пайызға, ақылы қызметтер 1,6 пайызға өскен. Ұлттық Банк басшысы осындай деректер келтірді. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: egemen.kz