• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2016

Білім беру депозиттері бойынша табыстылық жоғарылады

243 рет
көрсетілді

Білім алу қолжетімдірек бола түсті. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің (бұдан әрі – МБЖЖ) білім беру жинақтау салымдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі өзгертілді. Ақша-кредиттік саясат жөніндегі техникалық комитеттің 2016 жылғы 30 қаңтардағы шешімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ағымдағы жылдың 2 ақпанынан бастап жеке тұлғалардың депозиттері бойынша базалық мөлшерлемені 17 % деңгейінде белгіледі. Осының негізінде 2016 жылғы 2 ақпаннан бастап МБЖЖ-ға қатысушы банктер білім беру жинақтау салымдары бойынша сыйақы мөлшерлемесін көтерді. Осылайша, бұдан былай ай сайынғы сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14 %-ды, ал мемлекеттік сыйлықақы 5 % немесе 7 %-ды (жеңілдікті санаттағылар үшін) құрады. Мемлекеттік сыйлықақы мен банк­тің сыйақысы капиталға айналып, білім беру жинақтау салымдары бойынша табыстылық жылына 19%-ды құрайды, соның есебінен салымшы білім беру қыз­меттерін сатып алу барысында шы­ғыс­тардан 30-40%-ға дейін үнемдейді. МБЖЖ жүйесі Қазақстан Респуб­ликасының әрбір азаматына өзінің не бала­сының атына білім беру жинақтау салы­мын ашып, оны келешекте Қазақ­станның және шетел колледждері мен ЖОО-ларында оқудың ақысын төлеу үшін пай­да­лана алады, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.