• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2016

Ортақ мүддеге ұйыстырады

310 рет
көрсетілді

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарына арналған брифингте сарапшы мамандар халықты Мемлекет басшысының тың бастамаларына қолдау білдіріп, оларды іске асыруда бірігуге шақырған еді. Іс-шараға қатысқан Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева Елбасының Ұлт Жоспары жаһандық дағдарыс жағдайында жасайтын қадамдарымызды айқындап, келеңсіздіктен шығар жолды көрсетіп бергенін айтты. – Бүгінгі әлемдік ахуалдың ушығып тұрғанын ескерсек, Пре­зиденттің Бес институттық реформаны орындау бойынша «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары сынды стратегиялық бағдарламаларының маңызы қаншалықты жоғары екенін ұғамыз. Сондықтан барша қазақстандық осы бастамалардың аясына топтасуы тиіс. Ал Елбасының «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» бағ­дар­лама­лық мақаласындағы ал­дымызға қойған міндеттері тек Үкімет, Парламент және мем­лекеттік органдарға жүктелген жоқ. Яғни, әр қазақстандық аталған тапсырмалардың іске асуына жауапты. Себебі, бұл – ең алдымен өз отбасындағы, еліміздегі, тіпті, әлемдегі бейбітшілік пен тыныш­тықтың кепілі, – деді Р.Сәрсембаева. Сонымен қатар, ол бағ­дар­ламалық мақаладағы ба­сым­дықтар қазақ­стандық әйелдер үшін беріліп отырған мол мүм­кіндік екенін де тілге тиек етті. Қауымдастық президентінің сөзіне қарағанда, бүгінде кәсіп­керлікте, яғни шағын және орта бизнесте әйелдердің үлес салмағы айтарлықтай. Алда бұдан да биік межені бағындыруға күш жұмсалмақ. Ол үшін еліміздегі әйелдер қауымы өздерінің азама­тық белсенділіктерін танытулары қажет. Одан бөлек, өздерінің істерін жүргізуде әйелдерге қол­дау көрсетілуі тиіс. Қазіргі таңда осы бағытта Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық сая­сат жөніндегі ұлттық комиссия, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы және үкіметтік емес ұйымдар айтарлықтай жұмыс атқаруда. Өз кезегінде «Жас Отан» жастар қанаты хатшылығының басшысы Аян Сакошев Елбасының бұл жолы да жастарға зор сенім артқанын жеткізді. Еламан ҚОҢЫР, «Егемен Қазақстан».