• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2016

Сен өз кәсібіңді сүйесің бе?

275 рет
көрсетілді

Осыдан аз уақыт бұрын Қазақстанның интернет кеңістігінде «Өз кәсібіңді сүй» атты эстафета басталған болатын. Аталған бастама бас-аяғы екі жұма ішінде 1 мыңнан астам қатысушыларды жинады және оны қолдаушылар қатары күн санап артып келеді. Айтар болсақ, белсенділер арасында әртүрлі сала мамандары, ұстаздар, журналис­тер, тележүргізушілер мен қазақ эстрадасының танымал өнерпаздары және суретшілер мен спорт саңлақтары да бар. Осы жобаны қолдау барысында Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қыз­метінде баспасөз мәсли­хаты өт­кізіліп, жоба жетек­шілері жұрт­шылықты баста­ма негізімен таныс етті. Акция­ның басты талабы – көпші­лік­тің назарын аудартып, әрбір мамандықтың өзіндік ерек­ше­лігі бар екенін және қоғам үшін маңыздылығын ұғын­дыру болып табылады. Әр аза­мат өз кәсібін жүрек қалауы­мен жүргізетін болса, жұ­мыс­тың жемісті болары сөзсіз. Сон­дықтан да қызметінің қиынды­ғын машақат көрмейтін, керісін­ше, сол арқылы өзін-өзі дамы­туға ұмтылыс танытатын және мамандығына кездейсоқ келмеген жандар аталған бастаманы үздіксіз қолдауда. Жобаның талабы жеңіл әрі қызықты деуге болады. Бұл рет­­те оған қатысу үшін 15 се­кунд ішінде кәсібіңізді не үшін жақсы көретініңіз жайлы бей­неролик түсіріп, оның жаны­на «ӨзКәсібіңдіСүй» деген хэш­тег қойсаңыз болғаны. Бейне­роликтің соңын дәстүрлі түрде «Ал сен, өз кәсібіңді сүйе­сің бе?» деп аяқтау қажет. Осы уақыт аралығында эстафетаны жүргізіп үлгерген өнер жұлдыздарының қатарында Қайрат Нұртас, Әли Оқапов, мү­сінші Хасен Абаев, «Балапан» теле­арнасының директоры әрі теле­жүргізуші Ләйлә Сұлтан­қызы бар. Бастама жетекшілерінің бірі, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Диас Есдәулетов жо­­ба­­ның идеясы кенеттен пайда бол­ған­дығын жеткізді. Бұл рет­те ол, менің достарымның ара­сында түрлі сала иелері бар, олармен кездесу барысын­да жұмыстан алған түрлі әсер­лерімізбен бөлі­сетінбіз. Осыдан келіп, әр маман­дықтың өзіндік орны бар екен­дігін көрсету мақсатында аталған жоба жұрт­шылыққа жол тартты. Біз­дің рухани дүниеміздің бір көрінісі, көңіл күйіміздің айнасы ретінде қызметіміздің үлкен рөл атқаратынын барша біледі деп ойлаймын. Азаматтардың өз қызметінде жетістікке жетуінің кілті де сонда – мамандығын жақсы көруінде, деді. Және де мемлекеттің болашағы осындай қазақстандықтардың қолында екендігі айтылды. Елбасының 5 реформасы арқылы кез кел­ген азамат өзінің жүрек қалау­ындағы жұмысын табуға мүм­кін­дік алмақ. Қазіргідей қысыл­таяң шақтың орын алып тұрға­нына қарамастан, яғни дағда­рыс­ты Президентіміз айтқан­дай, жаңа мүмкіндік ретінде қа­рас­тырып, алға ұмтылуды жал­ғас­тыру қажет, деп атап өтті. Сонымен қатар, сөз алған «2015 жылдың үздік педагогы» атағын жеңіп алған Гүлнар Ра­химова өзінің мұғалім екенді­гімен мақтанатындығын айтты. Балаға білім беру жолында аян­бай қызмет етуге дайын екен­дігін ұқтырған ұстаз, қазіргі таң­да жастардың мұғалім болуға көбі­рек ұмтылғанын қалайтын рия­сыз көңілін жеткізді. Ұстаз­дық – ұлы ұғым екендігін назар­дан тыс қалдырмайтын еліміз­дің түрлі бастамаларының, бағдар­ламаларының арқасында төбеміз көкке жетті, дейді ол. Эльмира МӘТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».