• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2016

Сайлаушылар саны өсті

308 рет
көрсетілді

Қазіргі күні Орал өңірінде биылғы жылдың 20 наурызына белгіленген Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттары сайлауларына қатысуға құқылы сайлаушылар саны әжептәуір өскені белгілі болып отыр. Яғни, облыста биылғы 2016 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша сайлау­шылар саны 430 мың 865-ке жетіпті. Сөз жоқ, мұны оң әрі жағымды жайт деп қарастырғанымыз орынды. Батыс Қазақстан облыстық сайлау ко­миссиясының хатшысы Жасұлан Нұр­ғожиннің айтуынша, өткен жылы өткі­зілген Президенттік сайлау кезінде ай­мақта 404 мың сайлау­шы болған. Жо­ғарыда айтып өткені­міздей, арада 1 жылға жетер-жетпес уақыт өткен кезде олардың саны 27 мыңға өскен. Осыған байланыс­ты облыстық сайлау комиссиясы қо­сым­ша іс-шаралар жүргізуді қажет деп тапты. Бұл, біріншіден, қосымша сайлау учаскелерін құру қажеттігінен туын­­даған. Осыған орай өңірде 21 қо­сым­ша сайлау учаскесі құрылды. Оның 17-сі облыс орталығы – Орал қала­­сында болса, 3-еуі аудандарда ірге көтер­ді. Бұған қоса, барлық сайлау ко­миссия­лары­ның құрамдары орналасқан нүктелер мен олардың шекаралары анықталды. Қысқасы, бүгінде облыста Пар­ламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлауға әзірліктің бастамасы тәп-тәуір деуге болады. Қазіргі таңда өңірде сайлаушылар тізімі жасалып, олардың саны нақтылану үстінде. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан». Батыс Қазақстан облысы.