• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.81
  • EUR:
    527.62
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2016

Астанада жаңа авиациялық-техникалық орталық салынуда

314 рет
көрсетілді

АСТАНА. 4 ақпан. Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту аясында «Қазақстан Авиациялық Индустрия» ЖШС Қарулы Күштердің Әуе қорғанысы күштерімен бірлесіп  Астанада авиациялық техниканы құрастыру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі алғашқы көпбейінді кәсіпорын салып жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Кәсіпорынның құрылысы аяқталып қалды. Оның өндіріс нысандарының көлемі 6 000-нан аса шаршы метр болады. Аталмыш орталық осы жылдың мамыр айында іске қосылады. Жаңа орталықтың мүмкіндіктерінің алғашқы көрсетілімі «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінде көрсетіледі. Авиаорталық авиациялық техникаға қызмет көрсету бойынша жоғары технологиялық өндіріс базасын құруға бағытталған. Бұл жерде Қазақстан Әскери-әуе күштері техникасына сервистік қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Орталық пайдалануға берілгеннен бастап Су-30 жойғыштары мен С-295, Ан-26 және Ан-72 әскери-көлік ұшақтарын жөндеу үшін өндіруші кәсіпорындарға ұшу аппараттарын жөнелту қажеттілігі туындамайды. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.