Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық көрмелер бюросы арасындағы Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге байланысты ресми қатысушыларға арналған жеңілдіктер мен преференциялар туралы келісімді ратификациялау туралы
2015 жылғы 5 қарашада Парижде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық көрмелер бюросы арасындағы Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге байланысты ресми қатысушыларға арналған жеңілдіктер мен преференциялар туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы 1 наурыз. № 467-V ҚРЗ