• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
21 Сәуір, 2016

Біздің өнім басқалардан неге төмен?

278 рет
көрсетілді

Канаданың Қазақстандағы елшісі Шон Стайл С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне келіп, оқытушы-профессорларға, докторанттар мен магистранттарға дәріс оқыды. Елші өз сөзінде Канададағы аграрлық ғылымның қол жеткен бүгінгі жетістіктері, жаңа инновация мен озық технологияның экономикадағы орны, елдегі фермерлік шаруашылықтардың қызметі, ет өнімдерінің сапасы жайында кеңінен баяндады. Сонымен қатар, Канададағы банктердің жеңіл несие беру саясаты, мемлекеттік және жеке жоғары оқу орындарының мәртебесіне қарамай тең қаржыландырылуы туралы айтылды. Иә, бұл елден біздің үйренетініміз жетерлік. Лектордың айтуынша, Канаданың Саскачеван провинциясы мен біздің Солтүстік Қазақстан аймақтарының ауа райы және топырақ құнарлылығы өте ұқсас. Соған қарамастан Канадада дәнді дақылдардың өнімділігі бізге қарағанда 2 есе жоғары. Оларда бидай егісінің жалпы үлесі 40 % болса, қалғандары майлы және бұршақ тұқымдас дақылдар. Біздің елде егіс­тіктің 70%-дан астамын бидай құ­райды. Сөйтіп, бидай Қазақстанда мо­нодақылға айналып кеткен. Ал қалған аз бөлігі ғана түрлі дақылдар мен мал азығы болып отыр. Бұл іс жүзінде керісінше болуы тиіс. Канадада бір сиырдан жылына 10 мың литр сүт сауылса, біздің елде бұл айтуға тұрмайды. Осыдан-ақ біздің аграрлық ғы­лым­ның қаншалықты артта қалып қой­ғанын біле беріңіз. Қашан өзгеріс болады? Аграрлық ғы­лымға жаңалық әкелер батыл ре­фор­малардың уақыты жеткен сияқ­ты. Өйткені, аграрлық ғылым ауыл ша­руашылығының іргетасы емес пе?! «Егемен-ақпарат»