Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1521 қаулысымен бекітілген
1. Тәулiгiне екi мың және одан да көп текше метр көлемiндегi өндiрiстiк -техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндiрудiң технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшiн оларды барлау мен өндiруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге рұқсат беру қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Тәулiгiне екi мың және одан да көп текше метр көлемiндегi өндiрiстiк-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндiрудiң технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшiн барлау мен өндiруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жер асты суларын өндіруге арналған рұқсат беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 35-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленді. Қағида жеке немесе заңды тұлғаға тәулiгiне екi мың және одан да көп текше метр көлемiндегi өндiрiстiк-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндiрудiң технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшiн барлау мен өндiруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде суды төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) беру тәртібін анықтайды. Осы Қағида жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы жүзеге асыратын, тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде суды төмендету мақсатында жер асты суларын өндіруге қолданылмайды. 2. Қағидада мынадай ұғым қолданылады: ахуалдық схема – тәулiгiне екi мың және одан да көп текше метр көлемiндегi өндiрiстiк-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндiрудiң технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшiн барлау мен өндiруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіру үшін тағайындалған ұңғымалардың орналасқан орындарын және шекараларын анықтау мақсатында рұқсатқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдаланушы ұсынатын жер қойнауын пайдалану объектілерінің орналасу бейнесі. Осы Қағидада басқа ұғымдар мен терминдер Заңға сәйкес айқындалатын мәндерде пайдаланылады. 3. Рұқсат тәулiгiне екi мың және одан да көп текше метр көлемiндегi өндiрiстiк-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндiрудiң технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшiн барлау мен өндiруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруді жүзеге асыру құқығын куәландыратын құжат болып табылады. 4. Рұқсат өтініште көрсетілген мерзімге беріледі, бұл ретте осы мерзім жер қойнауы пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге жасалған келісім-шарттың қолданылу мерзімінен аспауы тиіс. 2. Рұқсат беру тәртібі 5. Жер қойнауын пайдаланушы рұқсат алу үшін жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттармен қоса өтініш беріледі: 1) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі – заңды тұлға үшін тұпнұсқаны не нотариалды куәландырылған көшірмені көрсеткенде; 2) жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі – жеке тұлға үшін түпнұсқаны не нотариалды куәландырылған көшірмені көрсеткенде; 3) жерасты суларының қорлары туралы мемлекеттік сараптамалық қорытынды және жерасты сулары объектілері туралы геологиялық ақпарат; 4) рұқсатқа 2-қосымшаға сәйкес жер қойнауы учаскесі және жер қойнауын пайдалану шарттары туралы мәліметтер; 5) ахуалдық схема. 6. Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат екі данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады. Бір данасы жер қойнауын пайдаланушыға беріледі, екінші данасы уәкілетті органда сақталады; 7. Рұқсатты уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей береді. 8. Мына: 1) Қағиданың 5-тармағында саналып көрсетілген құжаттар толық көлемде тапсырылмағанда; 2) дұрыс емес мәліметтерді тапсырғанда рұқсат беруден бас тартылады. 9. Рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаларды жоғалтқан, бүлдірген кезде жер қойнауын пайдаланушы рұқсаттың телнұсқасын ала алады. Жоғалған, бүлінген рұқсаттың бланкілері және (немесе) рұқсатқа қосымшалар жер қойнауын пайдаланушы жазбаша түрде өтініш берген (рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшалардың жоғалу, бүліну фактісін дәлелдейтін құжаттармен қоса) күннен бастап жарамсыз деп саналады. Уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір беріп және оң жақтағы жоғарғы бұрышта «Телнұсқа» деген жазбамен рұқсаттың телнұсқасын және (немесе) рұқсатқа қосымшаларды беруді жүргізеді. 10. Уәкілетті органның рұқсат беруден бас тарту туралы шешіміне немесе белгіленген мерзімде бермеуіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады. Тәулiгiне екi мың және одан да көп текше метр көлемiндегi өндiрiстiк-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндiрудiң технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшiн оларды барлау мен өндiруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге рұқсат беру қағидасына 1-қосымша ӨТІНІШ _____________________________________________ (жер қойнауын пайдаланудың түрі) _____________________________________________ (кәсіпорынның атауы, жеке тұлғаның Т.А.Ә) Қазақстан Республикасында тәулiгiне екi мың және одан да астам текше метр көлемiндегi өндiрiстiк-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшiн оларды барлау мен өндiруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге рұқсат беруді сұрайды. ____________________________________________________ (жер қойнауын пайдаланудың түрі және объектісі – кен орны, жер қойнауы учаскесі) Жер қойнауын пайдалану мақсаты _______________ (жер қабатына айдау үшін алынатын немесе суды төмендету мақсатында шығарылатын жерасты суларының болжамды мөлшері (көлемі) млн. м3/жыл, мың м3/тәу, л/с) 1.___________________________________________ (жерасты суларын барлаудың және өндірудің басталуы мен аяқталуының болжамды мерзімі) 2.___________________________________________ (кәсіпорынның толық атауы және деректемелері) 3.___________________________________________ (басшысының Т.А.Ә лауазымы, кәсіпорын иесінің Т.А.Ә) 4.___________________________________________ (кәсіпорынның техникалық және технологиялық мүмкіндіктері туралы мәліметтер) 5.___________________________________________ (өтініш берушінің бұдан бұрынғы қызметі туралы деректер) 6.__________________________________________ (өтініш берушінің жер асты суларын кен орнында (жер қойнауы учаскесінде) барлаған және пайдаланған кезде жер қойнауын пайдалану шарттары туралы ниеті) 7.___________________________________________ өтініш берушінің жерасты суларын, қоршаған ортаны сарқылудан және ластанудан, қорғауға қатысты, техникалық және технологиялық іс-шараларды қоса, жаңартуды және жұмыстардың қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етуді қоса алғанда жұмыстардың ниеті 8.___________________________________________ (жер қойнауын пайдалануға байланысты кірістер мен шығыстардың есебі) 9.___________________________________________ (жер қойнауын пайдаланғаны үшін төлемдердің болжамды есебі) Қосымшалар: 1. Бұрыштық нүктелердің координаттарымен бірге ахуалдық схемасы (тәулiгiне екi мың және одан да астам текше метр көлемiндегi өндiрiстiк-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшiн оларды барлау мен өндiруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге рұқсат алу үшін). 2. Жер бөлу 3. Жер қойнауын пайдалану объектісінің сипаттамасы бар жазба Өтініш беруші кәсіпорынның басшысы (лауазымы) _______________ ______________________________ (қолы) (Т.А.Ә.) м.о. 20___жылғы «__»________ Тәулiгiне екi мың және одан да көп текше метр көлемiндегi өндiрiстiк-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндiрудiң технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшiн оларды барлау мен өндiруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге рұқсат беру қағидасына 2-қосымша Тәулiгiне екi мың және одан да көп текше метр көлемiндегi өндiрiстiк-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндiрудiң технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшiн оларды барлау мен өндiруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге РҰҚСАТ _____________________________________________ (кімге) _________________________________________үшін (жер қойнауын пайдаланудың түрі) _____________________________________________ (жер қойнауын пайдалану объектісі) ______________________________________ берілді. (жер қойнауын пайдалану мақсаты) 20___жылғы «____»_________ Сериясы ГЖҚПК №______ (Сериясы АД №____) Комитет төрағасы (АБ басшысы) _________________ ___________ (қолы) Т.А.Ә. м.о. Рұқсаттың қолданылу мерзімі 20___жылғы «____» ____ дейін ұзартылды _________________ __________________ (қолы) Т.А.Ә. м.о. Тәулiгiне екi мың және одан да көп текше метр көлемiндегi өндiрiстiк-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндiрудiң технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшiн оларды барлау мен өндiруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге арналған рұқсатқа 1-қосымша АХУАЛДЫҚ СХЕМА масштабы (қоса беріліп отыр) Бұрыштық нүктелердің географиялық координаттары (қажет болған жағдайда тік бұрышты координаттарда) белгіленген. Нүктелердің № № Координаттар бойлық ендік сондай-ақ тігінен келетін бөліністерде ____________ (сутұтқыш қабаттың тереңдігі мен қуаты, стратиграфиялық индексі және т.б.) бұрыштық нүктелермен ахуалдық схемада белгіленген жер бөлу алаңы __________гектарды (км2) құрайды. Тәулiгiне екi мың және одан да көп текше метр көлемiндегi өндiрiстiк-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндiрудiң технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшiн оларды барлау мен өндiруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге арналған рұқсатқа 2-қосымша Жер қойнауы учаскесі және жер қойнауын пайдалану шарттары туралы мәліметтер 1. Жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтер: 1) тұрғылықты жері (заңды және жеке тұлға үшін) __________________; 2) мемлекеттік тіркелген күні және нөмірі (заңды тұлға үшін), жеке куәлігінің деректері (жеке тұлға үшін)__________________________________; 3) басшы (заңды тұлға үшін) ___________________; 4) қызметтің негізгі түрі _______________________. 2. Кен орнының, жер қойнауы учаскесінің сипаттамасы мен ерекшеліктері: 1) кен орнының (жер қойнауы учаскесінің) атауы және геологиялық-морфологиялық байланысуы ___________________________________________; 2) пайдалану мақсаты__________________________; 3) өнімді сутұтқыш қабаттың атауы немесе құрғатылатын сулы горизонт ___________________________________________________________________; 4) объекті пайдалану тәжірибесі және су жинағы немесе су деңгейін төмендетуші (дренаждық) құрылыс туралы мәліметтер____________________; 5) кен орнының (жер қойнауы учаскесінің) сандық және сапалық көрсеткіштері ____________________________________________. 3. Кен орнының (жер қойнауы учаскесінің) кеңістік шекаралары ______________________; 4. Рұқсаттың қолданылу мерзімі (басталуы-аяқтал-уы)___________________________________________. 5. Барлауға арналған рұқсат мерзімін ұзарту шарттары _______________. 6. Жұмыс бағдарламасы және кен орнын (жер қойнауы учаскесін) пайдалану не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіру жобасын келісуге ұсынудың және жұмыстардың басталу мерзімдері ______________________________________. 7. Жер қойнауын пайдаланудың міндетті шарттары: 1) барлау ___________________________________; 2) жерасты суларын өндіру (млн./м3жыл, мың./м3тәу., л/с) ____________; 3) су жинау немесе судың деңгейін төмендету (дренаждық) құрылысының типі (ұңғылар және т.б.) және олардың арасындағы қашықтық (м)___________________________________________________________; 4) пайдаланылатын және резервтік ұңғымалардың, судың деңгейін төмендету құрылыстардың саны _______________________________________; 5) су көтергіш немесе судың деңгейін төмендету жабдықтарының типі мен өнімділігі _______________________________________________________; 6) бір ұңғыма немесе ұңғымалар тобына, судың деңгейін төмендету құрылыстарына жүктеме (ең төмен, ең жоғары (млн./м3жыл, мың. м3/тәу, л/с) __________________________________________________________; 7) жерүсті деңгейінен қысымның рұқсат етілген төмендеуі немесе азаюы (м)___________________________________________________________; 8) су дайындау ________________________________________________; 9) алынатын судың сапасына қойылатын талаптар___________________; 10) тұтынушыларға жерасты суларын беру шарттары ________________; 11) жерасты суларын жинаған немесе деңгейін төмендеткен кезде беткі ағыстың рұқсат етілген азаюы (млн. м3/жыл, мың. м3/тәу, л/с) ______________; 12) бақылау-өлшеу аппаратурасының типі__________________________; 13) санитарлық қорғау аймағының (округінің) шекаралары (дара ұңғы және ұңғымалар тобы немесе су жинағы үшін) ___________________________; 14) жерасты суларына мониторинг жүргізу бойынша қойылатын талаптар (жер асты сулары кен орнын пайдалануда немесе тау-кен қазбаларын пайдалануда судың деңгейін төмендетуді қадағалау режимдік желінің бар болуы) _________________________________________; 15) пайдаланылатын қорларды бағалау және қайта бағалау жөніндегі міндеттемелер соның ішінде дренаждық суларда_________________________; 16) жобаға салынатын инвестициялардың көлемі ____________________; 17) кен орны (жер қойнауы учаскесі) туралы ақпаратқа құқық ___________________________________________________________________; 18) жер қойнауын пайдаланушының заңды мекен-жайының өзгергендігі туралы ақпарат _____________________________________________; 19) геологиялық ақпаратты геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне және оның аумақтық органдарына ұсыну______________________; 20) жер қойнауын және қоршаған табиғи ортаны ұтымды пайдалану жөніндегі міндеттемелер _____________________________________________; 21) бірнеше жер қойнауын пайдаланушының пайдалану объектінің технологиялық схемасына байланысты жер қойнауын пайдалану шартын сақтау жөніндегі талаптар ____________________________________________; 8. Жер қойнауын пайдалану қызметіне бақылауды жүзеге асыру тәртібі ____________________________________________. 9. Шарттық талаптар ____________________________________________; 10 Кен орнын (жер қойнауы учаскесін) пайдалануға байланысты төлемдер _____________________________. 11. Өзге де шарттар ____________________________________________. Қосымша: ахуалдық схема. Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті) 20__ жылғы «____» _________
•
22 Қаңтар, 2011
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1521
449 рет
көрсетілді