• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Сәуір, 2016

Аманатқа алған байлығымыз

279 рет
көрсетілді

Қазіргі таңда қо­ға­мымызда жердің сатылуы, жалға берілуі туралы мәселе аса өзекті болуда және сан алуан қайшылықты пікірлер орын алуда. «Жер туралы» Заңға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, үстіміздегі жылдың шілдесінен бастап еліміздегі ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерді өз еліміздің азаматтары сатып алуына немесе бұрынғысынша жалға алып, иелік етуіне болады. Жуырда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының сес­сия­­сында жер мәселесі туралы Елбасының берген түсін­дір­месінде: «Шетелдік азаматтарға жер сатылмайды, оларға тек жал­ға беріледі, жалға беру мерзімі ғана ұзартылған. Бұрын бұл мер­зім 10 жыл болатын, бұл мерзім ішінде салынған қар­жының қай­тарымы бол­май­тындықтан, ұзар­­­ты­лып отыр. Мы­салы, қа­сы­мыздағы Ре­сей мен Еуропада бұл мер­зім 50 жылға жуық», – деді. Жер – барша ха­лық­­қа тиесілі, ата-баба­­ларымыз аманат ет­кен бас­ты бай­лығымыз. Тәуел­сіздік таңымен ше­карамыз айқын­да­лып, шегеленген, әр ел өз шекарасының ая­сындағы жерге ғана иелік ете алады. Сон­дықтан, қазіргі қоғам­да болып жатқан «жер шетел­діктерге сатылады екен» деген пікір негізсіз. Ал жерді жалға беру жайында айтсақ, бұл барлық елдерде қолданылатын жағдай, әлемдік интеграциядан тыс болып, оқшау өмір сүру мүмкін емес, олай болса, экономикамыздың дамуы кешеуіл қалмақ. Қазір «Жер туралы» Заңға енгі­зіліп отырған өзгерістердің басты мақсаты – ауыл шаруа­шы­­лығына арналған бос жатқан жерді тиімді, ұтымды пайдалану, осыны дұрыс ұғынғанымыз жөн. Бұл – халықтың жағдайын жақ­сарту, тіршілігін көркейту бағы­тында жасалып жатқан шара­лардың бірі. Қоғамда орын алған кереғар пікір­лер мәселенің мәнін дұрыс түсінбеудің салдарынан туындап отыр, бос даурығу қоғамымыздың шырқын бұзып, бірлік-бере­ке­міз­ге нұқсан келтіруі мүмкін, сон­дықтан, қазіргі таңда «Жер туралы» Заңға өзгерістер жөніндегі мә­селе бойынша халыққа егжей-тег­жейлі, нақты ақпарат беру мақ­сатында қоғамда ағарту нау­қаны жүргізілуі тиіс деген ойдамын. Төрегелді ШАРМАНОВ, академик   АЛМАТЫ